«Мұрагерім…» «Үкілі бала» атанған емші ұлды болды

0

Ел арасында «Үкілі бала» лақап атымен танылған Ерболсын Серікбаевқа әйелі шекесі торсықтай ұл сыйлады. Жанұясындағы жағымды жаңалықты емші жігіттің өзі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

«Үкілі бала» атанған қызылордалық емші бүгінде отбасымен Ақтөбеде тұрады. Ол өткен жылы, яғни 2021-де қолына ақ құсын қондырып, шаңырақ көтерген еді. Міне, араға жыл салып ерлі-зайыптының тұңғышы дүниеге келді. Ерболсынның желідегі жазбасына зер салсақ, ұлды болғанға ұқсайды. Жас әке мұрагеріне өлең жолдарын арнапты.

Құлагерім, Бар бақытым өзіңсің сірә менің Бір тілеуін әкеңнің берер болса, Саған ғана амандық сұрар едім!

Мұрагерім,
Ақ жүзіңді семсер қып сыңар едім
Ақ пен қара айқасқан бұл өмірде
Жыға көрме туымды мына менің!,

— деп жазды Ерболсын Серікбаев.

Ерболсын СерікбаевЕрболсын Серікбаев
«Үкілі бала» атанған емші ұлды болды

Есімі қаршадайынан қалың көпшілікке жақсы таныс «Үкілі баланың» жеке өміріндегі бұл қуанышты хабарға бүкіл желі қолданушылары жылы лебіз білдіріп, құттықтап жатыр.

«Бауыр берік болсын», «Атқамінер азамат болсын», «Біздерге жұғысты болсын», «Ата-анасының мақтанышына айналсын»,

Айта кетейік, қызылордалық Ерболсын Серікбаева әуелде қамшымен жұртты емдеу арқылы көпшілікке танылған еді. Кейін «Үкілі бала» кәсіби медициналық білім алу мақсатында Ақтөбеге қоныс аударған еді.