«Сырқатымыздың көрсеткіші». Қыдырәлі Болманов шала қазақша «мәдениетке» шүйлікті

0
Тіл мен мәдениет мәселесін көтерген өнер иесі бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпараттық агенттігі.

“Өте орынды көтеріліп тұрған мәселе. Кино ғана емес, орысша-қазақша әндер де көбейіп келеді. Не орысша емес, не қазақша емес, шұбар, дүбара тілдің соқпағына түсіп алып тартып келе жатқанымызға да біраз жылдар болды.
Қазақ мектептерінде үзіліс уақытында қазақ балаларының көбі шұбар тілде немесе біржола жат тілде сөйлейтінін білеміз. Оған қазағымыздың тең жартысы өз тілінде сөйлемейтінін қосыңыз.

Қазіргі киноның, әндердің шала тілді болуы – ол индикатор, сырқатымыздың көрсеткіші. Емделу үшін, ана тілінде еркін сөйлейтін ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Ал бүгінгі хәліміз сахнаға ішіп шықпақ түгілі, мемлекеттік көк байрағымызды дүйім халықтың алдына, сахнаға алып шығып, умаждап жүрміз”, – деп жазды әнші.

Өнер иесінің оқырмандары оның бұл сөздерімен толықтай келісті.

“Кинематография туралы заңға өзгеріс керек”, “Тілді қолға алса жақсы болар еді”, “Қазір әнші де, өмірі сахна мәдениетін көрмеген продюсер сымақтар да, ақшалы азаматтардың бардығы кино түсіргіш болып кетті”, “Шектеу қою керек”, – деп жазды желі қолданушылары.