Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауы өз мәресіне жетті

0



⠀  ​«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесіп, ЖОО студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша үздік идея байқауын өткізді
.
Жобаларға қойылған басты талап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жою әдістерінің жаңа жүйесін ұсыну болатын.
Конкурсқа ұсынылған жобаларды бағалайтын сарапшылардың және конкурстық комиссияның құрамында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Жаннат Нұртілеуова, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Еркебұлан Молдабеков, «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің маманы Ания Тулешова болды.
Жоба идеясының тиімділігі, мазмұнының ашылуы, жобаның дағдысы, идеялардың жаңашылдығы бағаланған конкурста Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Экономика және құқық факультетінің Құқықтану мамандығының 2 курс студенті Медетова Мөлдірдің жобасы үздік деп танылып, диплом және арнайы сыйлық табысталды.
Байқау нәтижесінде үздік жобалар ұсынған студенттер Алғыс хатпен марапатталды.