Сүрияда жойқын жарылыс болды


Сүрияның Азиз қаласында жойқын жарылыс болды.
Қала орталығындағы автокөлікке жарылғыш зат орнатылған. Жарылыс салдарынан сегіз жастағы бала қаза тауып, жиырма шақты адам ауыр жарақаттанған. Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан аурухана мен бірнеше тұрғын үйдің тас-талқаны шықты.
Лаңкестік әрекетке қатысты жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Ақпарат көздерінің мәліметінше, Азиз қаласында көбінесе қарулы қақтығыстардан қашып келген сүриялықтар тұрады.