Қар барысына арналған саябақ ашылады (видео)

0

Тұңғыш рет Іле Алатауында аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалған.

«Іле Алатауы» ұлттық табиғи паркінің биолог-аңшылары қар барысының миграциялық жолын көру үшін биыл қазан мен желтоқсан аралығында фототұзақ қойған. Фотоаппараттар таудың жоғарғы жағындағы шырша орманына орнатылған.

 

Жүргізілген жұмыс барысында парк аймағында тарихта тұңғыш рет бірегей видеоматериал түсірілді. Бейнекадрда 3 жануардың тау беткейін бетке алып, маңғаз басып кетіп бара жатқаны көрінеді. Мамандардың бағамдауынша, камераның алдынан ұрғашы барыс 1,5 жасар аландарын ертіп өткен. Бұған дейін Алматы билігі қар барысына арналған зообақ ашатынын хабарлаған болатын. Қатаң күзетті талап ететін нысан адам аяғы баспайтын биік тауда салынбақ. Онда тауешкі, бұғылар мекендейді. Бұл аймақ қар барысының қоректік базасы болмақ. Осы бағытта ғалымдар зерттеу жүргізуде.

«Айқын» ақпарат

 

 

Дереккөз: Айқын