«Суперқаһарман жүргізушілер» 400 мың теңге жалақы алады — «Астана LRT» — Ел жаңалықтары
Астанада ең мықты жүргізушілерді «Суперқаһарман» санатына енгізіп, оларға максималдыө жалақы береді — шамамен 400 мың теңге, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Барлық автопарктерде жалақы шамамен 250 мың көлемінде. Консультантсыз жұмыс істейтін жүргізушіге қосымша төлем жасалады, ал валидацияны жоспардан тыс толтырғандарға қосымша бонус та беріледі. Бір жерде ол ауысып, басқаларға қарағанда көбірек жұмыс істеуі мүмкін. Жалақы 200 мың теңгеден басталып, максимально 400 мың теңгеге дейін барады», — дейді «Астана LRT» көлік бақылау департаментінің директоры Сама Шәймерденов.
«Астана LRT» төрағасы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, Астанада автобус жүргізушілерін санаттарға бөледі екен.
«Арнайы құрмет тақтасы бар: батыр, суперқаһарман. Атына арыз түсірмеген, жол-көлік оқиғасына қатысы жоқ, барлық шарттар мен талаптарды орындайтын, өз жұмысын жақсы көретін жүргізушілер тобы суперқаһарман тобына жатады және олардың жалақысы да едәуір жақсы. (…) Жұмыс жүктемесі ауыр, әр түрлі көңіл күйде және энергетикада болатын 1000-нан аса адамды тасиды. Жолын кесіп кетіп, Bus Lane жолағына шығып кететін жүргізушілерге тап болып жатады. Жүргізуші автобус ішін де сыртында бақылап отыруға міндетті», — деді Игенбердиев.
Ол автобус жүргізушілерінің тапшылығын айтады. Психологиялық және квалификациялық тесттен кім болса сол өте бермейді.
«Шартты түрде біз бір автобусқа 2-3 жэүргізуші болу керек деп есептейміз. Соның арқасында 8 сағаттан артық жұмыс істеу режимі бұзылмайды. Қала бойынша шамамен 900 жүргізуші жетіспейді. Қазір Астанада 1500 жүргізуші бар, әзірге олар 8 сағаттан артық жұмыс істеп жүр», — деді Игенбердиев.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz