Супермен сияқты секірген желаяқ мәре сызығын бірінші болып кесті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

АҚШ-та өткен жарыста спортшының мәреге жеткендегі секірісі жұрттың жағасын ұстатты

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. АҚШ спортшысы Инфинит Таккер SEC Outdoor Track & Field Championships турнирі аясында 400 метр қашықтыққа кедергіден аттап жүгіру жарысында соңғы сәттегі шалт қимылының арқасында мәре сызығын бірінші болып кесті.

Сол сәттің видеосын турнир ұйымдастырушылары Twitter аккаунтында жариялаған.

​Командаласынан озғысы келген Таккер мәре сызығынан жүгіріп өтуді емес, алға қарай секіріп, сызықтың ар жағына ұшып түсуді жөн көрген екен. Турнир ұйымдастырушылары мұны «Суперменнің секірісі» деп атады.

​Әлеуметтік желі қолданушылары бұл пікірмен толық келісіп, видеоның астында суперменнің суреттері және гифтерімен бөліскен.



sputniknews.kz