Сүйіктіңізді сізден алыстататын эмоционалды әдеттер

0

Сүйіктіңізді сізден алыстататын эмоционалды әдеттер

Эмоционалды жақындық – берік қарым-қатынас үшін маңызды. Егер сүйіктіңізге сене алмасаңыз бұл сезім жоқтығынан емес. Кейде эмоционалды бөгеттерді біздің өзіміз жасаймыз. Сүйіктіңізді сізден алыстататын эмоционалды әдеттерді біле жүріңіз

Маңызды әңгіме үшін ыңғайлы уақытты күту

Қарым-қатынасты бұзатын бір әдет – қандай да бір ақпаратты немесе сезімді жасыру. Мысал үшін сіз бұл үшін ыңғайлы уақыт керек дейсіз. Осылайша серігіңізді шошытасыз.
 
Комплименттерді жоққа шығару

Комплиментті қабылдай білмеу де қарым-қатынасқа жік салады. Мұнда тұрған ештеңе жоқтай көрінгенімен, бұл сізді эмоционалды тұрғыдан алыстата түседі.
 
Көп уақытты ақша табуға жұмсау

Көп ақша тапсам жағдайым жақсара түседі, бақытты боламын деп ойлайсыз. Бірақ бұл сіздің бар энергияңызды жұтып алып, өзіңізге уақыт қалдырмайды. Серігіңізге де көңіл бөле алмай қаласыз.

Қиналып тұрғанда қалжыңдау

Серігіңіз қиналып тұрғанда қалжыңдау дұрыс емес. Бұл серігіңіздің көңіліңе тиюі мүмкін.

Серігіңізден әлденені жасыру

Серігіңізге сенсеңіз ештеңені жасырмауға тырысыңыз. Шындықты айтпау серігіңізді алыстата түседі.
 
Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz