Сарапшы Алматыдағы тікұшақ апатының үш нұсқасын атады

0
198

Жеке әуе компаниясының тікұшағы кеше Алматыдағы шипажай аумағына құлады

АСТАНА, 18 қаңтар  — Sputnik. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру басқармасының жетекшісі Нұрлан Жұмасұлтанов оқиғаның үш нұсқасы жайлы әңгімелеп берді.

«Қазіргі уақытта оқиғаны тексеретін комиссия құрылды. Біз үш нұсқаны қарастырып жатырмыз: тікұшақтың техникалық ақаулығы, адам факторы және нашар ауа-райы жағдайы. 17 қаңтарда тұман түсті», — деп мәлімдеді спикер.

Жұмасұлтановтың айтуынша, тікұшақ Боралдай әуежайынан Үлкен Алматы көліне қарай ұшқан. Тікұшақ жолаушыларды алып кетуге бара жатқан.

«Ұшқыш сағат 16.05-де байланысқа шыққан. Не дегенін әзірге айта алмаймын.  Апат 16.08-де болды», — деді Жұмасұлтанов.

Тікұшақтың багы тола болған, құлаған кезде ешқандай өрт шықпаған. Қара жәшік бүтін қалды, деп толықтырды сарапшы.

  • Алатау санаторийі аумағына тікұшақ құлады

    «Алатау» санаторийі аумағына тікұшақ құлады


    ©
    Foto : КЧС МВД РК

  • Алатау санаторийі аумағына тікұшақ құлады

    «Алатау» санаторийі аумағына тікұшақ құлады


    ©
    Foto : КЧС МВД РК

  • Алатау санаторийі аумағына тікұшақ құлады

    «Алатау» санаторийі аумағына тікұшақ құлады


    ©
    Sputnik /

  • Алатау санаторийі аумағына тікұшақ құлады

    «Алатау» санаторийі аумағына тікұшақ құлады


    ©
    Sputnik /

1 / 4


©
Foto : КЧС МВД РК

«Алатау» санаторийі аумағына тікұшақ құлады

Естеріңізге сала кетейік, Sky Service жеке әуе компаниясының Eurocopter тікұшағы кеше Алматыдағы «Алатау» шипажайы аумағына құлады. Әуе кемесінің ұшқышы қаза тапты.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/