Судья қылмыскерге өзі бірнеше рет зорлаған оқушы қызға үйлен деген
Үндістанда қылмыскерді зорланған оқушыға үйлендірмек болған судья жұрттың ашуын келтірді. Ол мұны сотталушы түрмеден сытылып кетуі үшін айтқан.
Қылмыскер жасөспірімді соңынан аңдып жүріп бірнеше рет зорлағаны үшін ұсталған. Сондай-ақ, ол оқушы қызды үстіне бензин құйып өртеп, бауырын өлтіремін деп қорқытқан.
Жоғарғы сот төрағасы сотталушыға егер жәбірленушіге үйленсең, жазадан босатыласың, әйтпесе түрмеге қамаласың деп айтыпты.
Судьяның сөзі халықтың наразылғын тудырған. Мыңдаған адам петицияға қол қойып, оның отставкаға кетуін талап еткен. Онда судья осылайша жеткіншектің өмір бойы қор болып өтуіне жағдай жасамақшы болды делінген.