Ақтауда әйелін қорқытпақ болған әйел балконда ілініп тұрды (видео)

0

Әлеуметтік желіде ішкиіммен балконда асылып тұрған ақтаулық ер азамат түсірілген видео таралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада» басылымына сілтеме жасап.

Видеода балконда асылып тұрған азаматты бірнеше адам қолынан тартып, кері көтеріп алғаны байқалады. Оқиға куәгерлері Ақтау тұрғынының бұл әрекеті қайғыға ұласпағанына қуанып жатты.

Маңғыста облысының ПЛ өкілдері ер азаматтың мас болғанын айтады. Әйелімен болған жанжалдан кейін ол осылай жасаған.

«Ер азамат әйелімен сөзге келіспегендіктен көп қабатты үйден секірмекші болып әрекеттенген. Полицейлер ерлі-зайыптыларды бөлімшеге жеткізген. Ер азамат осылайша әйелін қорқытпақшы болғанын айтты. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деді ПД өкілдері.