Су ресурстары комитетінің басшысы 2 айға қамауға алынды — Қазақстан жаңалықтары
Бүгін Астана қаласының соты Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті басшысының қамауға алынғандығы туралы ақпаратты растады. Ислам Әбішев екі ай бойы қамауға алынды. Оны не себепті ұстады және тергеуді қандай бөлім жүргізеді, ол жағы әлі хабарланбады, деп жазады Stan.kz Астана қаласының сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су ресурстары комитетінің басшысы Әбішевтің қызметінен аластытылғаны өткен жұмада белгілі болды. Алайда, министрліктегілер оның себебін түсіндірмеді. Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, әңгіме 60 миллион теңге көлеміндегі үлкен пара туралы болып отыр.
Қамауға алынған Ислам Әбішев соңғы бес жыл бойы су ресурстары комитетінде басшы болып қызмет етті. Бұған дейін, ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдіктерінде және Өскемен қаласындағы жоғары лауазымды қызметтерде жұмыс істеді.
stan.kz