Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарталы)

0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарталы) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарталы) на казахском языке

Арқаның асқарында асау белде,
Бәйшешек жасылданған қызыл гүлде,
Сағымын сардаланың жатыр қиып,
Оранған әсем арқа үл мен бүлде.
Қақ жарып қара тасты қардай тіліп,
Төбені төңкереді ылди қылып,
Боратып экскаватор тасты жүндей,
Жөнелді асқар белдің жонын жонып.
Қадамы қарық болған қарт Қарталы,
Ұлы орда Ұлытаудың биік жалы,
Нұраға Есілменен нұрын төгіп,
Қаратқан көкке өрлеткен Отан таңы.
Күлсем күн, тербесем нұр қойынымда,
Арқаның жүрегі мен биік шыңда,
Ендеше еркіндеген ер ұландар,
Еліңнің міндеттеген ісін шыңда.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!