Home Жаңалықтар Су ағып тұр ма, әлде қатып қалған ба? 

Су ағып тұр ма, әлде қатып қалған ба?

0
154
Су ағып тұр ма, әлде қатып қалған ба? 


Ерекше оптикалық иллюзияны итальялық Дарио Бонз түсіріп алыпты.

Қыста серуендеп жүріп, ағып тұрған суды байқайды. Бастапқыда оған күн көзінде жарқырап тұрған, мұз сүңгісі сияқты болып көрініпті. Қолын тигізе беріп еді, қатқан су «тіріліп кетті». Тағы бірнеше секундта қайта қатып қалды. Желі қолданушылары таңғалып, видеоның әбден басты қатыратыны туралы жарыса жазып жатыр.

Ал ғалымдардың түсіндіруінше, бұл иллюзияның бірнеше себебі бар: су мөлдір әрі тұнық, тұрақты жылдамдықпен ағады, сондай-ақ желдің жоқтығынан қозғалысы көзге білінбейді.

Дереккөз: sputniknews.kz