Сталин анасына неге сирек барған?

0

Сталин революциядан кейін анасы Кекеге сирек барған екен. Бірақ анасының барлық жағдайын Берия жасап, қадағалап отырған.

Кекені емдеген дәрігер Н.А.Кипшидзе қартайған шағында Сталиннің 1935 жылдың қазанында анасына барғанын еске алады. Аталған кездесуде Сталин «Неге мені қатты ұрдың?» деп сұрағанда анасы оған: «Ұрғанның арқасында сен жақсы болып шықтың» деп жауап береді. Содан кейін Кеке «Иосиф, енді кім боласың?» деген сұрағына Сталин: «Патша есіңде ме еді? Мен енді сондай патшамын» деп жауап береді. Бірақ анасы Сталинге «Одан да діни қызметкер болғаның жақсы болар еді» деп жауап береді.

Мына суретті Иосиф Сталин Лаврентий Берия және Н.А. Кипшидзе үшеуі Джорджиядағы анасының үйіне барған 1935 жылы түскен. Бұл Сталиннің анасына соңғы рет барғаны екен.