Алматыда атыс болып, 5 адам қайтыс болды (Видео)

0
1231

Алматыда атыс болып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды  kznews.kz сайты  Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бүгін, 20 қыркүйекте сағат 17.00-де «Ақбұлақ» шағынауданында Алматының Алатау ауданында атыс болды.

Үйден шығару туралы сот қаулысын туралы сот шешімін орындау кезінде осы үйдің тұрғыны – 1967 жылы туған Д. есімді ер адам озбырлық көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, төтенше жағдай қызметкерлеріне қарудан оқ жаудырған.

Бес адам, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарып жүрген екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды.

Күдікті ұсталды. Бүгінде жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Қаза тапқан полиция қызметкерлері бойынша деректер:

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған.