СҚО тұрғыны өз інісін өлтіріп қойды: бірге арақ ішіп, сөзге келіп қалған

0

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын өз інісін өлтірді. Бұл туралы полиция департаментінің штаб басшысы Сәуле Аңдағұлова онлайн-брифинг кезінде айтты.

Соңы кісі өліміне әкелген ағайындылар оқиғасы Жамбыл облысында болған.

«Облыстық полиция департаментінің кезекші бөліміне Баян ауылындағы кісі өлтіру оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Жедел-тергеу тобы анықтағандай, спирттік ішімдікті бірлесіп ішкен ағайындылар сөзге келіп қалған. Аудан тұрғыны 27 жастағы інісін пышақтап өлтірді», — деп хабарлады Андағұлова.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.