СҚО-да мектеп-интернат оқушылары жаппай коронавирус жұқтырды

0
1062
Advertisement

Мамлют санаториялық мектеп-интернатының 19 оқушысы коронавирус жұқтырды. Бұл турады аудан әкімі орынбасары Алмагүл Рамазанова айтты. Ақпаратты жергілікті тауарлар мен көрсетілетін қызметтрдің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жергілікті басқармасында растады.

Санитар дәрігердің ақпарытнша, ауру жұқтырған тәрбиеленушілер медициналық блокқа жеткізілген. Қалғандары оқуды жалғастырып жатыр.

Мамлют санаториялық мектеп-интернаты – өңірдегі жалғыз осындай мекеме. Мұнда туберкулезді интоксикациясы бар және туберкулез отбасыларынан шыққан балалар сауықтыру курсын оқиды және өтеді. Білім беру мекемесі 1963 жылы ашылған.

Ол 400 орынға арнап салынған. Бүгінде мұнда 200- ден аса бала оқиды.

Айта кетейік, Қазақстанда өз «клиенттеріне» коронавирус инфекциясынан сақтандыруды ұсынатын алаяқтар белсенді бола бастады. Мамандар азаматтарды сақ болуға шақырады.

Елімізде коронавирус жұқтыру аясында «қызметкерлері» пайдалы келісімшарттар мен сенімді саясат ұсынатын бір күндік фирмалардың саны өсуде. Сондай-ақ, еліміздегі ақ халаттылар коронавирус кезінде жас отбасыларға бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берді.

Коронавирус дертін жұқтырған жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жағдайлары жиілеген. Әлемдік статистикаға сенсек, дертті жұқтырған жас аналардың 20 пайызы уақытынан бұрын босанып қалуда. Сол себепті, осындай қиын кезеңде дәрігерлер бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес беруде.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз