СҚО-да 3 жасар қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Анасы қамауға алынды

0
385
Сурет: Bessi (көркем сурет)

Солтүстік Қазақстан облысында 3 жасар қыз жансақтау бөліміне түсіп қалды.

Ол 17 қаңтарда балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерге әкелгенде денесінде түрлі жарақаты болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, баланың анасы денсаулыққа ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бөлігі 106-бабы, «Кәмелетке толмағанға қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдіктінің бұрын құқық қорғау органдарының назарында болмағандығы анықталды, деп атап өтті құзырлы ведомствадағылар.

22 жастағы жас ана Петропавл қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.