СҚО әкімі Петропавл атауын өзгерту туралы сұраққа жауап берді — Ел жаңалықтары

0

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл атауын өзгерту туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Солтүстік Қазақстан облысы және Петропавл қаласының атауы өзгертілуі жайлы сұрақ қойды. 

«Петропавл және облыс аты өзгермейді. Мен Петропавл қаласының және облыс атауы өзгертілуі жайлы әңгімелерді жиі естимін, мен оны білемін. Алайда бүгінде өзгертулер жұмысы жүргізіліп жатқан жоқ. Менің ойымша, бұл үшін әлі ерте», — деді өңір басшысы.