Sputnik Қазақстан тілшісі марапатқа ие болды

0
94

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік тақырыбындағы үздік материалдарды іріктеді. БАҚ өкілдерін марапаттау рәсімі астанада өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Sputnik Қазақстан тілшісі «Атамекен» қлттық кәсіпкерлер палатасының «Интернет БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал» аталымында жеңімпаз болды, деп хабарлайды Sputnik.

Салтанатты марапаттау рәсімі астанада өтті. Аталымда агенттіктің аға тілшісі Ксения Воронина жүлдеге ие болды. Оған 150 мың теңге мен құрмет дипломы табысталды.

«Бизнестің дамуы – мемлекет пен экономиканың дамуы. Сондықтан журналистер осы саладағы проблемалар мен кәсіпкерлерге арналған мүмкіндіктерге мән беруі тиіс», – деді Ксения.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алты жылдығына орай бұқаралық ақпарат құралдары арасында байқау жарияланған болатын.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттады

Байқау мерзімді басылымдардағы үздік сараптамалық материал, телеарнадағы үздік сюжет, интернет БАҚ-тағы үздік сараптамалық материал және үздік радиосюжет аталымдары бойынша өтті.

Гран-приге «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Санат Қалиев, Qazaqstan телеарнасының журналисі Әлбина Әшім, Baq.kz –тен Рахила Тілеуова, «Астана» радиосынан Гүлназ Айтқұлова және Media Holding Atameken Business ақпарат агенттігінен Олег Гусев ие болды.



sputniknews.kz