Спорт министрлігі Қазақстандағы спорт шараларын тоқтатқан жоқ
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан аумағында бұқаралық спорт шараларын өткізуді тоқтату туралы шешім қабылданған жоқ, деп хабарлады ведомство
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі елдегі бұқаралық спорт шаралары тоқтатылғаны туралы хабарламаны жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, әңгіме спортшылардың шетелдік іссапарлары үшін ұсынымдар енгізу туралы болған.
«Қазақстандағы барлық бұқаралық спорт шарасын тоқтату туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл шешімдер Қазақстан үкіметінің жанындағы ведомствоаралық комиссияның дәйегі негізінде қабылданады, коронавирустың таралуы жоғары елдерге спортшыларды жіберуге тоқтау салу туралы ұсыным берілді», — делінген мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан аумағында спорт шараларын өткізуді тоқтату туралы шешім қабылданған жоқ.
Оқи отырыңыз: Василий Левитке Олимпиадаға жолдама берген жекпе-жектің видеосы жарияланды
Бұған дейін Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру комитетінің баспасөз хатшысы Раухан Тоғымбаева Sputnik Қазақстан тілшісіне елдегі бұқаралыр спорт шаралары тоқтатылатынын айтқан болатын.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Sputnik тілшісіне Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі анықталмағанын хабарлады.
sputniknews.kz