SpongeBob мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленберг қайтыс болды — Кино

0

Америкалық аниматор, SpongeBob Square Pants мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленберг 57 жасында қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Variety сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, оның өлімінің себебі орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы — амиотрофиялық жанама склероз болды. Хиллингбергтің өзі хабарлағандай, ауруы былтыр наурызда анықталған. 

«Бізге SpongeBob Square Pants мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленбергтің қайтыс болғаны туралы хабарлау қиын. Бүгін оның өмірі мен жұмысын еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялаймыз», — деп жазған  Nickelodeon телеарнасы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында және Sponge Bob-тың 1999 жылы мамырда шыққан алғашқы эпизодын көрсетті. 

Хилленберг аниматорлық карьерасын 1987 жылы бастады, оның алдында бірнеше жыл теңіз биологы болып жұмыс істеген.