Түркістан тұрғындары енді сандық теледидарды тамашалайды

0
27 Қараша 2018, 18:57 208 0

Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысында аналогты телерадиохабар тарату тоқтатылып, оның орнына цифрлық жүйе жұмысын бастады. Енді өңір халқы сандық теледидарды тамашалайды.

Бұл Шымкентте және Түркістанда 30 отандық телеарнаны және ауылдық жерлердегі 15 телеарнаны көруге мүмкіндік береді. Тұрғындарға осы сандық жүйе үшін спутниктік хабар тарату желісіндегідей тюннер мен толқынды қабылдайтын табақша орнатудың қажеті жоқ. Ең бастысы, теледидарыңыз соңғы үлгідегі болса, арнайы қабылдағыш сатып алып, антенна қойсаңыз жеткілікті. Ал қажетті арнайы қабылдағыштар әлеуметтік көмек алатын отбасылар үшін тегін.

Жаңа жүйеге көшудің мақсаты – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Әрі халықаралық талапқа жауап беретін сапалы бейнеконтентке қол жеткізу

«Қазір біз Түркістан аймағының 99,8%-ын және Шымкенттің 100%-ын қамтып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей, сандық жүйе әлдеқайда жақсы. Біріншіден, теледидар бұрынғыдан анық көрсетеді. Екіншіден, контенттік сапасы жақсарады. Сосын дыбысы жағынан жоғары сапалы аудио-визуалды ақпаратты алуға мүмкіндік береді», – дейді телерадиохабар таратушы ұлттық операторының басқарма төрағасы, Ескендір Тәжібеков.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз