SpongeBob мультхикаясының авторы қайтыс болды
Америкалық аниматор, SpongeBob Square Pants мультхикаясының негізін қалаған Стивен Хилленберг 57 жасында қайтыс болды.
Оның өлімінің себебі орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы — амиотрофиялық жанама склероз болды. Хиллингбергтің өзі хабарлағандай, бұл диагноз наурыз айында анықталған. Nickelodeon телеарнасы Sponge Bob-тың 1999 жылы мамырда шыққан алғашқы эпизодын көрсетті.
Ол анимациялық мансабын 1987 жылы бастаған, Валенсиядағы Калифорния өнер институтында эксперименталды анимация мамандығы бойынша білім алып, 1992 жылы бейнелеу өнерінің магистрі дәрежесін алды. Сол жылы ол әртүрлі халықаралық анимациялық фестивальдарда қатыса бастап, Ottawa Халықаралық анимациялық фестивалінде үздік анимациялық концепт үшін марапатқа ие болды. 1993 жылдан 1996 жылға дейін теледидардан Никелодеонның «Rocko’s Modern Life» сериясында режиссер және жазушы ретінде жұмыс істеген.
Осыдан кейін ол толыққанды жұмыс істей бастады, кейіннен «SpongeBob SquarePants» деп аталатын танымал анимациялық мультхикаяны жарыққа шығарды. Бұл анимациялық фильм бүгінге дейін 250-ге жуық эпизодты көрсетті.