Қазақ тілін үйренуге арналған 7 қосымша

0
Қосымша әдеби және ауызша тілді үйрететін толыққанды курсты ұсынады. Soyle сөздердің дұрыс айтылуын, сөйлемдердің құрылыуын үйретеді. Дайын сөз тіркестерінің арқасында өз диалог пен монологтарды құрып, ойыңыздағы нәрселерді жазбаша да, ауызша да жеткізе аласыз.

 


Қосымша тілді басынан бастап үйренгісі келетіндерге арналған. Қосымша — өзің-өзі оқыту және аудиокурстар. «Казахский для начинающих» грамматика мен фонетиканы үйретіп, сөздерді дұрыс айтуға үйретеді. Сондай-ақ кәсіби студиялық бағдарлама материалдары мен фразаларды қамтиды.


Әдеби шығармаларды оқу арқылы қазақ тілін үйретуге көмектеседі. Oyan белгісіз сөздерді тікелей аударуға мүмкіндік береді. Пайдаланушылардың мәтінге өздерінің аударма параметрлерін қосу мүмкіндігі бар.


Дәстүрлі сөйлеу кітаптарының заманауи мобильді аналогы. Қосымша тұрмыстық қазақ тілін меңгергісі келетін адамдар үшін арнайы жасалған. Ол өмірдің түрлі жағдайларының спектрін қамтиды және тілдің негізгі ерекшеліктерімен толық таныстырады. Qazaq by Example мысалдарды үйренуге көмектеседі және прогрессіңізді бақылау үшін жеке сөздікті сақтауға мүмкіндік береді.


Audiokitap — қазақ әдебиетіндегі 130 автордың 1500-ден аса шығармалары жинақталған қосымша. Бұл қосымшаның көмегімен сөздерді қабылдауы мен айтылуы жақсы дамиды. Әдеби тілмен танысуға көмектеседі және дұрыс әрі, әдемі сөйлеуге үйретеді.


Қолданба тіл үйренудің арнайы әзірленген әдісін қолданады. «Qazaq App» сөздік қорын ұлғайтумен қатар, Қазақстанның қалалары мен қызықты батырлары туралы қызықты деректер жайлы айтады.


Қанат Тасибековтың «Ситуативный казахский» кітабының түпнұсқа электрондық нұсқасы. Кітап түрлі өмірлік аспектілер туралы айтатын тарауларға бөлінеді: отбасы, кейіпкер, мұра.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз