«СПИД-пен ауырған»: Базардан басы табылған әйел туралы тың дерек шықты
Алматының Түрксіб ауданындағы базардан басы табылған әйел ВИЧ инфекциясымен ауырған.
Бұл туралы марқұм уақытша паналаған әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкері «Шешімі бар» бағдарламасында мәлімдеді.
Алматы телеарасының хабарлауынша, елдің есін екеу, түсін төртеу қылған қылмыс 12 сәуірде болған еді. Марқұмды танитын Түрксіб ауданындағы дүкен сатушысы әйелдің бассыз денесін Шолохов көшесіндегі саябақтан ит тапқанын айтады.
«Тергеушілердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 5:00-де болған. Сағат 9:00 шамасында денесі табылған. Әйел серуендеп жүрген көрінеді. Денесін ит тауып алған»,– деді сатушы Айжан.
Дене табылған жерде әлі де ұйыған қанның қалдығы бар. Ал саудагерлер бас салынған пакетте қан болмағанын айтады.
Заңгердің айтуынша, қанды қылмысты қаскөй алдын ала жоспарлауы мүмкін.
«Ол іс-әрекетіне жауап беретін адам. Өйткені түрін көрсетпеді, еңкейіп тұрды. Бас кимін төмен түсіріп алған. Ол басты жууы керек апарып. Ол үшін су ағатын жерге не үйге апару керек дегендей. Соның бәрі қаншама уақыт қой. Басты кесу, жуу, тазалау, пакетке салу – бәрін ойластырған», – деді заңгер Нұрлан Байғазин.