Алматы отблысының цифрландыру саласын дамыту мақсатында сәуір айында бірқатар кездесулер өтті

0

Сәуір айында Алматы облысының цифрландыру саласын дамыту әрі жетілдіру мақсатында бірқатар маңызды кездесулер өтті.

26 сәуір «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесін таныстыру функционал бойынша ұсыныстар жинау мақсатында басқарма басшысының м.а. Жандос Қанатұлы Қонаев қаласының бөлімдерімен кездесу өткізді.  Кездесу барысында жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы және ТКШ саласындағы деректермен толықтыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды . Сондай-ақ, АЖ функционалы бойынша ұсыныстарды әзірлеушілер жүйеге енгізу үшін одан әрі қарайтын болады.

25 сәуір Басқарма Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің қызметкерлерін “Алматы облысының цифрлық көшірмесі” ақпараттық жүйесіндегі жұмыс бойынша оқытуды ұйымдастырды. Оқыту барысында деректерді толтыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды, қызметкерлер үшін қолжетімділік берілді, сондай-ақ қызметкерлер АЖ функционалын жақсарту бойынша ұсыныстар айтты, бұл болашақта әзірлеушілер жүйеге енгізу үшін қаралатын болады.

25 сәуір «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесін таныстыру және функционал бойынша ұсыныстар енгізу үшін деректер жинау мақсатында Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ. М. Исаковпен және департамент қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында деректермен толықтыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қызметкерлер АЖ функционалын жақсарту жөнінде ұсыныстар айтты, бұл болашақта әзірлеушілер жүйеге енгізу үшін қаралатын болады.

20 сәуірде «Алатау Жарық компаниясы» АҚ өкілімен талшықты-оптикалық байланыс желілерін төсеу және «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» жобасын іске асырудың проблемалық мәселелері үшін өтеусіз негізде электр беру тіректерін ұсынуға қатысты кеңес өткізілді.

21 сәуірде«Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесін таныстыру және функционал бойынша ұсыныстар мен мәліметтерді жинау мақсатында Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ауыл шаруашылығы саласындағы деректерді толтыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, АЖ функционалы бойынша ұсыныстар әзірлеушілер жүйеге енгізу үшін одан әрі қарастырылатын болады.

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде Алматы облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Құлтайұлымен бірлесіп өңірлердегі жастар арасында Цифрлық сауаттылық мәселелері бойынша семинар-тренингтер өткізу мәселелері талқыланды. Талқылау барысында контингенттер саны, өткізу орны, жоспарлары туралы және т.б.мәселелер қарастырылды.

Басқармамен “Алматы облысының цифрлық көшірмесі” ақпараттық жүйесін таныстыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Алматы облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асхат Мәуленұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ақпараттық жүйені ветеринария саласына қатысты мәліметтермен толықтыру мәселелері талқыланып, жоба бойынша ұсыныстар енгізілді. Осы жүйенің таныстырылымы функционал бойынша ұсыныстар мен мәліметтерді жинау мақсатында Басқарма ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында ТКШ саласындағы деректерді толтыру бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, АЖ функционалы бойынша ұсыныстарды әзірлеушілер жүйеге енгізу үшін одан әрі қарастыратын болады.

12 сәуірде Басқарма басшысының м.а. Ақыл Жандос Қанатұлы Алматы облысы құрылыс басқармасының басшысы Сапар Сейілханұлы Нұрашевпен кездесу өткізді.  Кездесу барысында «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесімен таныстыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, құрылыс саласындағы деректермен толықтыру және осы жүйені пайдалану мүмкіндіктері туралы мәселелер талқыланды.

7 сәуіріде басқарма қызметкерлері басқарудың негізгі функцияларын, бизнес-процестерін зерделеу және компьютерлік техникамен жарақтандыру деңгейімен танысу мақсатында Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасына барды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы «eOtinish» және «Documentolog» жүйесінің функционалдығын жақсарту бойынша алынған ұсыныстар әзірлеушілермен пысықталатын болды.