Советтік басқыншылық күні Грузияда тулар түсірілді

0

25 ақпанда Грузияда советтік басқыншылық күніне орай мемлекеттік мекемелер мен алаңдардағы тулар төмен түсірілді. 1918 жылдың мамыр айы мен 1921 жылдың ақпан айы аралығында Грузия демократиялық республикасы өмір сүрген. Тарихшылар сол кезде алғашқы Грузия республикасы құрылғанын айтады.

1921 жылы ақпанның 25-і күні 11-Қызыл армия әскері Тбилисиге басып кіріп, қарсылық білдірген грузин юнкерлері мен ерікті отряд мүшелерінің көбін өлтірген еді. Осы күні Грузияда советтік билік орнаған.

2008 жылы Грузия мен Ресей арасында бес күндік соғыстан кейін жағдай онан сайын ушығып, екі жылдан соң Грузия парламенті 25 ақпанды «Советтік басқыншылық күні» ретінде жариялаған.

Грузия 1991 жылы СССР құлағаннан кейін тәуелсіздігін алды.

Azattyq