Ирандық саясаткер коронавирусты жұқтырғанын жариялады — Қазақстан жаңалықтары

0

Иран Мәжілісінің (парламентінің) 57 жастағы депутаты Махмуд Садеки коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбіде парламентарий өзінің Twitter-дегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

садеки

«Коронавирус сынағы оң нәтижесін көрсетті. Мен бұл туралы өмір сүре алатыныма үмітім қалмағаннан кейін хабарлап отырмын», — деп жазды саясаткер.

Ол аурумен күресуге психологиялық тұрғыдан дайын екендігін білдірген видео жариялады.

Екі күн бұрын Садеки дәрігерлерге қалтырап, әлсіздік сезінгенін хабарлаған. Бірақ ауруханаға барған кезде дәрігерлер ешқандай ауыр нәрсе анықтамаған және үйде демалуға кеңес берген.

https://www.youtube.com/watch?v=bCBiEVEeVSA

Депутат өз есебінде коронавирустың таралуына және Иран билігінің іс-әрекеттеріне назар аударды.

25 ақпанда Иранның Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Ирадж Харирчидің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. «Соңғы күндері коронавируспен алдыңғы қатарда күрескен дәрігер Харирчидің коронавирусқа жасалған сынақтары оң нәтижелі болды», — деп жазды елдің денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Али Реза Вахабзаде Twitter-де.

Харирчи өз кезегінде, оның коронавирусы бар екенін растады және оны жеңуге уәде берді. Бір күн бұрын Харирчи мен Иран үкіметінің өкілі Али Рабидің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, оған әлемдік БАҚ қатысты. Брифинг барысында Иранның Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары бірнеше рет жөтеліп, бетіндегі терді сүртті.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Тегеранның елде коронавирустың өршуі туралы маңызды ақпаратты жасыруы мүмкін деді. Оның айтуынша, Иранда жаңа вирус бойынша өлім көрсеткіші Қытайдан кейін екінші орында.

«Америка Құрама Штаттары Иран режимінің осы елдегі індеттің (коронавирус) маңызды оқиғаларын жасыра алатындығын көрсететін ақпаратқа қатты алаңдайды», — деді Помпео.

Өз кезегінде Иран президенті Хасан Роухани сейсенбіде ел билігі коронавирусты бақылауға алуға жақын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, «дұшпандар» қоғамда үрей тудыруға тырысады, бірақ адамдар COVID-19 туралы алаңдамауы керек.

«Көптеген қалалардағы дәрігерлерге қоңыраулар саны соңғы күндерге қарағанда айтарлықтай азайды», — деді Роухани Иран телеарнасының эфирінде.

stan.kz