Сот Бақытгүл Хаменованың адвокатының өтінішін қанағаттандырмады
21 қазанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақыткүл Хаменованың ісі бойынша кезекті отырысы өтті.
Хаменованың адвокаты Игорь Вранчев бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш білдірді. Хаменованы тергеу изоляторынан үй қамаққа ауыстыруды ұсынды.
Прокурор Лаура Асанова өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұрады, өйткені Хаменованың айыптауы ауыр қылмыс болып саналады. Судья Жұмағали Тәшімова да қылмыстың ауырлығын ескере отырып, адвокатының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.
http://t.me/orda_kz
Фото: ашық дерек көзінен