Қарағандыда экс-президент атындағы даңғылдың атауын өзгертуді талап етуде

0
24

Қарағандыда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғылдың атауын өзгерту үшін қол жинау  басталды, деп хабарлайды Kznews.kz порталы Kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

«Назарбаев даңғылына Бейбітшілік бульварының тарихи атауын қайтаруды талап етеміз», — делінген хатта.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыдағы Бейбітшілік бульварының атауы 2019 жылғы 20 наурызда – Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін өзгертілген еді.

Фото: Елизавета Дмитриева