Соңғы қоңырау – президент түлектерді құттықтады

0
50

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Карантинге байланысты биыл түлектерде дәстүрлі соңғы қоңырау болмады. Мемлекет басшысы ұстаздарға алғыс білдіріп, оқушыларға армандарының орындалуын тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түлектерді құттықтады.

«Баршаңызды бүгінгі ерекше жағдайда өтіп жатқан «соңғы қоңырау» күнімен құттықтаймын! Асыл армандарыңыз орындала берсін. Болашақтарыңыз жарқын болады деп сенемін. Жас ұрпақты ғажайып білім әлеміне жетелейтін ұстаздар қауымына қажырлы еңбегі үшін алғыс айтамын!», – деп жазды ол Twitter парақшасында.

Мемлекет басшысы Алматыдағы Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектеп-гимназияда оқыған. 1970 жылы осы білім ошағының түлегі атанды.

Өткен жылы президент мектебі жөндеуден өтті.

Онлайн режимдегі соңғы қоңырау

Биыл 1-ден 10-ға дейінгі сыныпта оқитын оқушылар мектеппен онлайн режимінде қоштасып, жазғы демалысқа шығады.

Мектеп оқушылары мен мұғалімдердің қауіпсіздігі үшін дәстүрлі соңғы қоңыраудан бас тартылды.

20 мамырда Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылының аяқталуына арналған мерекенің жаңа форматы енгізілгенін хабарлады.



sputniknews.kz