Солтүстік Қазақстанда грек-рим күресінен халықаралық жарыс өтті
Спорт ардагерінің шәкірттері кезінде республикалы, одақтық додаларда атой салып, ұстазы мықтының ұстанымы мықты екенін әйгілеген болатын.
15 салмақ бойынша белдескен 150-ге жуық жасөспірім балуандар бірнеше күн бойы боз кілемнің шаңын шығарып, ақпан айында өтетін республика біріншілігіне тиесілі жолдамаларды қанжығаға байлады.
27 кило салмақта петропавлдық Николай Храменков жеңістің ең биік тұғырына көтерілсе, 30 килода кентаулық Ерасыл Мұсан қарсылас шыдатпады. Ресейден келген Илья Макаров, Владислав Малыгин өз салмақтары бойынша жеңімпаз атанды. Атбасалық Данил Елизаровтың да шоқтығы биік болды.
Ал 2003-2004 жылы туылғандар арасында Хамид Набиев, Ислам Квлоев, Арлан Зейнолла,Есімхан Әшкенов секілді балғын балуандар Қазақстан біріншілігіне жолдаманы ұтып алды.
Жеңімпаздар дилом, грамотамен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы
Дереккөз: http://egemen.kz/