Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады

0
Жағымсыз тері иісі ешкімге абырой әкелмейді. Қазіргі кезде тері иісін залалсыздандыратын түрлі дезодоранттар мен антиспиранттардан дүкен сөрелері қайысып тұр. Соған қарамастан қоғамдық орындарда жағымсыз тері иісі мұрныңды жаратын адамдарды күнделікті кездестіресің. Кейде «өздері қалай сезінбейді, неге жуынбайды?» деген күңкілді де естіп қаласың.

Жағымсыз тері иісі неден пайда болады?

Мәселе жуынбауда емес, тері иісінің белгілі бір физиологиялық және психологиялық себептері бар.

Физиологиялық себептеріне қалқанша бездің зақымдануы, гормондардың өзгерісі, ішкі органдардың ауруға шалдығуы, иммунитеттің төмендеуі, кейбір дәрі-дәрмектің қанның құрамына әсер етуі, т.б. жатады. Сондықтан жағымсыз тері иісінен құтыла алмай жүргендер міндетті түрде эндекринолог, терапевт мамандарға қаралу қажет.

Ал психологиялық себептері – орынсыз ашулану, болмашы нәрсеге күйгелектену, қорқу, т.б.

Жағымсыз иістен қалай арылуға болады?

Дезодоранттар мен антиспиранттардан басқа уксус не ас содасы ерітінділерімен, лимон шырынымен, шай тұнбасымен сүртіну.

Сондай-ақ косметологиялық клиникаларда ботокс егу арқылы белгілі бір мерзімге дейін залалсыздандырады.

Ал психоаналитиктер тері иісі қатты шығатын адамдардың өз-өзіне қатаң талап қойып, оны орындай алмай, ызаланатынын айтады.

Иіс сіңіп қалған киімдерді уксус қосылған сабынды суда және органикалық компоненттерден тұратын арнайы құралдармен жууға болады.😫

loading…