Солтүстік Қазақстан: Пандемия жағдайында демографиялық апат болып жатыр

0
536

Қысқасы, Солтүстік Қазақстан облысында қайтыс болғандар саны дүниеге келгендерден, көшіп кеткендер саны Оңтүстіктен келгендерден көп болып отыр. Жаңа туғандарға қарағанда қайтыс болғандар саны 363 адамға көп.

Көші-қон ағыны, тіпті коронавирус шектеулері, карантин аясында да өзгерген жоқ – 2880 адам минус. Нәтижесінде бір жылға жетер-жетпес уақытта облыс тұрғындары 3247 адамға азайды, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің жаңа есебінде Солтүстік Қазақстан облысы да осы көрсеткіш бойынша төмендеді: жыл басынан бері 5127 адам дүниеге келіп, 5490 адам қайтыс болды (минус 363 адам). Өткен жылдың осы кезеңінде халықтың табиғи өсімі 150 адамды құрады.

Көші-қон мәселесіне келетін болсақ, тіпті коронавирустық шектеулер, карантиндер мен бақылау-өткізу пункттері Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындарды ұстай алмады.  Оның ішінде жұмыс күші артық аймақтардан 4436 адам көшіп келген.

Осы уақыт аралығында 7320 адам кетіп қалған. Шығатындардың 55%-ы ішкі көші-қонға – көршілес облыстарға, 45% -ы – сыртқы, басқа елдерге. Адамдардың 91,8%-ы ТМД елдеріне кетті. Елден кетіп жатқандардың көп бөлігі Ресей Федерациясында.