Соғыс басталғалы бері Украина президентіне 3 мәрте қастандық жасалған
Жіберілген шешенстандық жендеттердің көзі жойылды.
Украина Президенті Владимир Зеленскийге 3 мәрте қастандық жасалмақшы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz The Times газетіне сілтеме жасап.
Басылымның дерегінше, оны өлтіруге екі топ, яғни » Вагнер» тобының жалдамалылары және Шешенстанның арнайы күштері жіберілген көрінеді. Ал қастандық Украинадағы соғысқа қарсы шыққан ресейлік ФҚҚ (ФСБ) қызметкерлерінің арқасында тоқтатылған. Шешенстандық жалдамалылар жер жастандырылды.
Бұған дейін The Times «Киевтегі коменданттық сағат Зеленскийді өлтірмекші болған киллерлерді ұстау үшін жарияланды» деп хабарлаған болатын.