Sky Service компаниясының әуе рейстері тоқтатылды

0

Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті тікұшағы апатқа ұшыраған Sky Service әуе компаниясының әуе рейстерін тоқтатты. 18 қаңтардан бастап компанияның әуе рейсін жасауына тыйым салынды.

Кеше Алматыдағы «Алатау» санаториінің маңына Sky Service компаниясына тиесілі шағын Eurocopter EC130 тікұшағы құлап, ұшқыш қаза тапқан.

Министрліктің әуедегі төтенше оқиғаларды тексеру департаментінің басшысы Нұрлан Жұмасұлтановтың айтуынша, тергеушілер тікұшақ апатына ықтимал үш себепті — техникалық ақау, ауа-райының қолайсыздығы немесе ұшқыштың қателік жіберу факторын тексеріп жатыр. Ол тікұшақ апатқа ұшырайтын кезде оқиға болған аумақта тұман түскенін айтады. Тікұшақ толық қираған, оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Азаттық