Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын зерттеу

0
1328

Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуы

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері туралы түсінік
1.2 Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сенсорлық даму ерекшелігі

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын зерттеу
2.2 Бала бойында сенсорлық эталондарды дамыта зерттеу жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3

5

5

8

13

13

18

26

28

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының қарқынды кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақыт бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылағанына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын есіте алады.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Біріншісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекеттерін игеру.
Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі балалардың игеруі. Сәбилік шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттер жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз – қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының барысында пайда болған, адамдар оны үлгі, өлшем ретінде пайдаланады. Адамзат бұларды әдеттегі жеке түрлерге келтіріп реттей біледі, бұл айналадағы дүниені қоғамдық тәжірибе айнасынан көргендей қабылдауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ кез келген заттың пішінін белгілі геометриялық фигураға ұқсастыруға немесе кеңістіктегі белгілі тәртіппен орналасқан осындай бірнеше фигураның үйлесімі ретінде қабылдауға болады. Мұнда әңгіме сөз түрінде бейнелеуде болып отырған жоқ, біз заттардың қасиеттерін өзімізге таныс үлгілердің жеке түрлері мен үйлесімі ретінде қабылдаймыз. Эталонның әр түрі жеке үлгілердің жай ғана жиыны емес, берілген қасиеттің жеке түрлері белгілі бір тәртіппен топталған, айқын белгілері бойынша дәлме-дәл ажыратылатын жүйе болып табылады.
Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да түрін, пішінін дұрыс атай алады, заттарды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Және ол қарапайым пішіндерді бейнелеп, оларды берілген түске бояй алады. Бұл жастағы балалар заттардың белгілі бір эталондарға сәйкестігін көрсете алады. (эталондар – бұл адамзаттың ойлап шығарған заттардың негізгі қасиеттер мен сапаларының үлгісі).
Әсерленушілік пен білуге қумарлық қашналықты басым болғанмен, бұл жаста қабылдау әлі ұйымдаспаған. Әлі де мақсатты түрде қарау және көру, тыңдау және есту, т.б. қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.
Курстық жұмыстың мақсаты – мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуын зерттеу. Осы қойылған мақсатқа орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
– мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиясының даму ерекшеліктерін талдау;
– мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беру;
– балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сенсорлық даму ерекшелігіне тоқталу;
– мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын зерттеу
– бала бойында сенсорлық эталондарды дамыта зерттеу жолдарын қарастыру;
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері туралы түсінік

Білім беру жүйесін реформалау жағдайында оқыту мен тәрбиелеудің жеке тұлғаға бағдарлануы басты орынға шығып отыр. Сондықтан да білім берудің жаңа моделін құру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруді ұлғайту, балалардың жан-жақты дамуына бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады.
Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі жастағы балаларға білім беру стандартында Мектепке дейінгі білімнің нәтижеге бағытталған жаңа моделінің педагогикалық үрдісі баланың психологиялық қорғанышын, өмірге деген сенімділігін, өмір сүру қуанышын психологиялық саулығын, жеке тұлғалық қалыптасуын жеке мәдени базасын, сонымен қатар балалар мен педагогтерді артық жүктемелерден қорғайтын, жеке бағыттағы сипатты көрсетеді 1, — делінген.
Мектеп жасына дейінгі баланы дамыту үшін жас баланың психологиялық ерекшелігін жақсы білуі керек.Өйткені бала психологиясын білмей, баламен жұмыс жасап, одан нәтиже шығару мүмкін емес.
Сондықтан баланың бойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді?-дегенді анықтау әлдеқайда маңызды. Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады, әрі қуанышқа бөлейді. Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды. Алғашқыда басын жерден шаққа көтеретін, ол екі айдан кейін отырып, шылдырмақтармен ойнайды, ал тағы бірнеше уақыттан соң тәй-тәй басып, алғашқы қадамдарын жасайды. Бұл қадам әлі сенімсіз, тәлтірек болғанымен, ең маңыздысы оның басталуында. Енді оның алдынан жаңа кең байтақ дүние – бұрын ол ағаш бесіктің тал қоршауының ішінде отырған кезде ойына кіріп те шықпаған жаңа дүние есігін ашады. Тағы бірсыпыра күндерден кейін ата-анасының ет-бауырын елжіретіп ма-ма-ма, ба-ба-ба дегенді айтады. Содан соң сәби мама деп те, папа деп те, бер, ал деп те айта бастайды. Әлі де сөз қоры аз болғанымен, бұл жердегі ең бастысы оның сөйлеуді бастағаны, оның адамзат тілінің бай қазынасына жол ашқаны. Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында, іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы қарапайындылықтан неғұрлым күрделі, ойланып атқарылатын қимылға ауысуы, сөйлеуді игеруі, дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы, міне, осылардың бәрі сәбидің дамуын сипаттайтын фактілер.
Жеке балалардың дамуындағы өзгешеліктерге, олардың өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, бүкіл сәбилердің бәріне ортақ қасиеттер болады. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді.
Психолог ғалым Ә.Алдамұратов сәби жастан бастап, баланың өсуін, дамуын үш кезеңге бөліп сипаттаған:
Алғашқы саты-сөйлеуге дейінгі кезең.Бұл кезең баланың екі айлығынан он бір айға дейінгі сатысы деп аталады.Екінші саты-баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі-он бір айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды.Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтиды.Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады, -деп қорытқан.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикасы толық жетіліп қалыптаспағаны, қоршаған дүниені әлі толық танып-білмегені, сондықтан оның сөздік қоры да шамалы екенін барлық дерлік психологтар көрсетіп отырған.Т.Тәжібаев ол туралы былай деген: Мектепке дейінгі бала заттар мен құбылыстардың шын мазмұны мен қарым-қатынасын толық аша алмайды.Заттардың мазмұны мен ішкі байланыстарын дұрыс аша алмағандықтан, бала көбінесе заттардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды — деген.Бұдан жас бала затты танығанмен, оның қасиетін бірден біле алмайтыны анықталды, олай болса заттың ішкі сырын ашуға тәрбиешінің көмегі керек екені анықталды.
Ал психолог Қ.Жарықбаев: Мектеп жасына дейінгі балалар түрлі нәрселерді ұстап, байқап, сипап қарайды, олардың формасын, үлкен- кішілігін көреді.Кейін есейіп, тәжірибесі артып, ой-өрісі кеңейген кезде заттардың кеңістікте орналасуын жақсы аңғара алатын болады -деп көрсеткен.
Психолог ғалым М.Мұқанов қоршаған дүниеде заттар көп, олардың ұқсастығы да, айырмашылығы да бар.Мектеп жасына дейінгілердің таным әрекетінде қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстары бірінен соң бірі тәртіпсіз көрінеді.Оны қабылдау үшін ойша тәртіпке келтіруді ұсынады. Ойша тәртіпке келтіру деп отырғаны мынау:құбылыстар мен заттар тым шексіз, түрі мен қызмет жағынан ұқсас болып келеді.Заттар мен құбылыстардың осындай ұқсас жақтарын, біріншіден, бір ұғымға жатқызып, топтастырып отыру қабылдау кезінде тәртіпсіздікпен күресуге мүмкіндік беретінін айтады.Екіншіден, тиісті нәрселерді ойша тәртіпке келтіру үшін нендей қасиеттер мен құбылыстар нәрсенің қандай түріне жататынын білу қажет. Үшіншіден, заттың салмағын, көлемін ұзын не қысқа екенін өлшемей-ақ білмесек, онда ортамызға бейімделу қиынға соғар еді.
Мектепке дейінгі жаста бала біршама тұрақты жан дүниесіне ие болады, ал мұның өзі әлі де болса, толық қалыптаса қоймаған, бұдан әрі де дамып жетілуге қабілеті бар, жеке адам деп санауға бастапқы негіз болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың даму шарттары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түседі. Қоғамдағы жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін, қоғамдық мораль нормаларын сақтау – өзекті талапқа айналады.
Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберімен шығарып, іс-әрекетті өзара қарым-қатынас формалары мен байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс-әрекетке кіріседі, өз іс-әрекеттерін олармен келісуді жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренеді. Мектепке дейінгі бүкіл балалық шақ бойына балалар іс-әрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау және басқа психикалық процестерде ғана емес, сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады.
Осының бәрі баланың жеке басын қалыптастырады, оған қоса адамның жеке басын қалыптастырудағы әрбір жаңа қадам шарттардың ықпалын өзгертеді. Одан әрі тәрбиелеу мүмкіндіктерін арттырады.
Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар. Оның бірінші жағы – баланың қоршаған дүниені біртіндеп біліп, өзінің одан алатын орынын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның әсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы – сезім мен еріктің дамуы. Олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын және оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың сенсорлық дамуы қарқынды келеді. Бұл кезеңде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қаситеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын, салмағын, температурасын, беткі қасиеттерін және т. б. дәл бағалай бастайды. Әуенді қабылдауында бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылығына қарап бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын айыра алады. Балалардың кезегі мен оларды бөлетін уақыт аралықтарын ажырата білуі едәуір жете түседі.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар. Бірішісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттер мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі, қоршаған ортаның толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін қабылдаудың жаңа әрекетін игеру.
Заттардың қасиеттерін бағдарлаудың дамуы. Балалық шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттері жөніндегі түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз — қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұларға түс, пішін, заттардың шамасы, олардың кеңістіктегі орны, дыбыс күші, уақыт аралықтарының ұзақтығы, тағы басқалар жатады Ересектер балаға сурет салуға, құрастыруға көмектескенінде олар қалайда негізгі пішіндер мен түстерді атайды.
Баланың іс-әрекет үстінде пайда болатын және өзіне қарата айтылған сөзі эгоцентирикалық сөз деп аталады. Мектепке дейінгі жас кезінде эгоцентирикалық сөз өзгеріп отырады. Бұл айтылуға баланың не істеп жатқанын ғана емес, оның іс жүзіндегі алдын ала ескертуші және бағыттаушы сөздер пайда болады. Мұндай сөздер баланың іс жүзіндегі мінез-құлқынан озық жүретін бейнелі ойын көрсетеді. 5 – 6 жасқа жеткенде эгоцентирикалық сөз кеми түседі. Бала бұл кезде қасында ешкім болмаса, көбіне жұмысын үндемей істейді. Бұл оның сөз негізіндегі ойлауының болмайтынын көрсетпейді. Эго-жоспарлаушы қызметін атқарады. Сонымен, эгоцентрикалық сөз баланың сыртқы және ішкі сөзінің арасындағы баспалдақ болып табылады.

1.2 Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай сенсорлық даму ерекшелігі

Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық эталонды игеруі балалар бақшасының бағдарламасына сәйкес геометриялық фигуралармен, түстермен танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен тиімді іс-әрекеттердің көптеген түрлерін меңгеру процесінде өтеді. Егер тіпті баланы қасиеттердің жеке түрлерін көпшілік қабылдаған үлгілерге сәйкес ажырата алуды үйретпегеннің өзінде бала сурет салу, құрастыру мозаика мен жапсырманы салғандағы материал қолдануында қажетті үлгілер болады.
Көпшілік қабылдаған эталондарды меңгеруге қажетті жағдайлар алғашқы рет әрекеттің тиімді түрінде жасалады. Бұл баланы материалды бірнеше рет тексеруге мәжбүр етеді, түр-түсін, кубик формаларын есте сақтауына тура келеді. Түрлі заттардың бейнелерін жасағанда балалар әр жолы да сол бір түсті кубиктерді, мозаика элементтерін пайдаланады, олардың қасиеттері көптеген заттардың қасиеттерімен қанастылылығы айқындалады да біртіндеп үлгілердің, эталондардың мәніне ие бола бастайды.
Арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбиесіз-ақ әдетте балалар тек кейбір, мысалы дөңгелек пен квадрат формалары, қызыл, сары және жасыл түсті эталондарын игереді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшбұрыш, сопақша сияқты форманы, қызғылт-сары, күлгін түс туралы түсініктерді едәуір кеш меңгереді.
Кейбір эталондар ғана игерілгенде бала заттардың осы эталонымен сәйкес келетін қасиеттерін өте анық және дәл қабылдайды, ал эталоны әлі игеріліп болмаған өзге жеке түрлер қасиеттерін тиянақсыз және көбіне қате қабылдайды. Белгісіздеу қасиеттер меңгерілген жуықтағандау, соларға теңелгендей болады. Дәл сондай-ақ сары және қызыл түстер жөнінде түсінігі жоқ балалар қызғылт сары заттарды сары және қызыл түстер түрінде қабылдауға бейім тұрады. Меңгерілген эталондар олардың жай тек атауларына ғана емес, ең алдымен қасиеттерді қабылдаудың өзіне ықпал ететіні балаларға үлгіге сай дәл сол түсті заттарды үнсіз таңдау ұсынылғанда тәжірибелерде байқалады. Мектепке дейінгі үш жастағылар көптеген жағджайларда сары түсті үлгі бойынша тек сары заттарды, ал қызғылт сары түсті үлгі бойынша қызғылт сары түсті де, сары түсті де таңдайды, көк түсті үлгі бойынша тек қана көк түсті көгілдір түсті де, көк түсті де таңдайды. Бұл әсіресе, алдымен балаларға үлгіні көрсетіп, кейін оны жасырып қойып таңдауды ойша жүргізген жағдайда айқын көрінеді. Бұл фактілерді балалардың сары мен қызғылт сары көк пен көгілдір түс арасын ажырата білмейді деп түсіндіруге болмайды. Таныс түс үлгісі бойынша таңдау дұрыс жүргізіледі, ал аз таныс үлгі бойынша қателіктері болады. Мұның себебі – балалар мысалы сары үлгіні алғанда оны өзіндегі эталонмен арқатынасын ажыратады да, сары түс деп таниды. Мұнан кейін олар сары заттарды таңдап ала бастайды, қалғандарын түсін жете тексеріп жатпай-ақ ондай емес деп жай шетке ығыстырады. Қызғылт сары түс баланы қиын жағдайға қалдырады. Қызғылт сары түс жөнінде оның түсінігі болмағандықтан бала оның орнына өзінде қалыптасқан эталондарға бәрінен жуығырақ келетін сары түсті пайдаланады. Сондықтан бала үлгіге сәйкес қызғылт сары түсті де және үлгіге сәйкеспейтін бірақ таныс эталонға сәйкесетін заттарды да таңдайды.
Әрекеттің тиімді түрлерін күрделендіру нәтижесінде бала біртіндеп форма мен түстің жаңа эталондарын игереді және шамамен төрт-бес жасқа жеткенде, олардың біршама толық жиынын меңгеріп алады.
Заттардың шамасы жөніндегі түсініктерді бала үлкен қиындықпен меңгереді. Форма мен түстің эталондарына қарағанда, шаманың көпшілік қабылдаған эталондары шартты сипатта келеді. Бұған адамдардың саналы қолданатын өлшемдері (сантиметр, метр) жатады. Өлшемдер жүйесі және оларды пайдаланудың жолдары, әдетте, мектепке дейінге балалық шақта меңгерілмейді. Мектеп жасына дейінгі баланың шаманы қабылдауы басқа негізде дамиды. Олар заттардың шама жағынан қатынастары жайлы түсініктерді меңгереді. Бұл қатынастар зат басқа заттар қасына қандай орын (үлкен, кіші, ең үлкен тағы басқалар) алатындығын көрсететін сөздермен белгіленеді. Әдетте мектепке дейінгі жастың бас кезінде балаларда бір мезгілде қабылданатын қос зат арасындағы шама қатынасы туралы ғана түсінік болады (үлкен-кіші). Оқшауланған заттың шамасын бала анықтай алмайды, өйткені оның өзге заттар арасындағы орнын ойда келтіруі қажет. Мектепке дейінгі кіші және естияр жастағы балаларда үш зат арасындағы шама қатынасы туралы түсініктер (үлкен, кіші, ең кіші) қалыптаса бастайды.
Балалар кейбір өздеріне таныс заттардың үлкенділігі мен кішілігін олардың өзге заттармен салыстыруға байланыссыз ақ анықтай бастайды.(піл – үлкен, шыбын – кіші).
Бес жасар бала түс пен форманың жеке эталондарын меңгеру арқылы олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды, заттардың қасиеттернің өзгеруіне әсер ететін белгілері туралы түсініктерді игеруге көшеді. Үлкендердің жәрдемімен арнаулы ұйымдастырылған әрекетте бір ғана форманың өзі бұрыштарының шамасы, осьтері мен қабырғаларының арақатынасы жағынан түрлене алатынын, түзу сызықтарды қисық сызықтардан бөле отырып формаларды топтастыруға болатындығын балалар меңгеріп алады. Мұнда форманың сенсорлық эталондарының жүйесі геометриялық фигуралардың математикада берілетін ғылыми бөлінуінен басқаша болады. Ал, егер де геометрияда дөңгелек – сопақшаның жеке бір түрі, квадрат төртбұрыштың жеке бір түрі ретінде көрінетін болса, сенсорлық эталондар ретінде бұл фигуралардың бәрі тең праволы, өйткені олардың бәрі де тең дәрежеде белгілі бір заттар тобының формасы туралы түсінік береді.
Түстер туралы түсініктерді жетілдіру спектрдің түстік (тон реңктерін) меңгеруге жеткізеді. Бала әр түс мөлдірлігі жағынан өзгертетіндігін, түстер көзге ұнамдылығы және ұнамсыздығы жөнінен топталатынын біліп алады, жұмсақ, көзді тартарлық түстердің баттиған, қарама – қарсы түстерге ұштасуымен танысады.
Баланың затты түрлі шамадағы өзге заттармен салыстыруынан шама жөніндегі түсінік байиды. Балаларда шаманың жалпы эталондарының басқа олардың ұзындығы, ені, биіктігі сияқты жеке өлшемдері жөнінде түсініктер қалыптасады.
Барлық осы түсініктерді балалар нақты іс – әрекет процесінде төңірекке күнделікті бағдар тұтудың нәтижесінде меңгереді және әрдайым сөз арқылы бейнелене, ұғыныла бермейді. Сенсорлық эталондарды меңгеру заттардың түсі мен формасына ғана қатысты емес, заттар мен құбылыстардың өзге қасиеттеріне де қатысты болады. Мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалар тіл арқылы қарым – қатынаста ана тілінің дыбыс жүйесіне сәйкес келетін үлгілерді, музыкалық іс – әрекет процесінде дыбыстың биіктігі мен ырғақтылығы қатынастарының үлгілерін т.б. үйретеді.
Балаларды сенсорлық эталондардың көптеген түрлерімен және оларды жүйелеумен тетелес таныстыру – мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір қасиеттің негізгі жеке түрлерін тексері мен есіне сақтау балалардың іс – әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер эталондар мәніне ие болуы тиіс. Қасиеттердің жеке эталондары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы балаларды сурет салуға, жабыстыру ісіне, құрастыруға, музыка сабақтарына үйрету, яғни, бала қабылдануға барған сайын күрделілірек міндеттерді қоятын және сенсорлық эталондарды меңгеруге бейімдейтін жағдайлар туғызатын іс – әрекет түрімен тығыз байланысты.
Балаларды сенсорлық эталондармен таныстыру – заттардың қсиеттерінің негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын ұйымдастыру болып табылады. Атау сөз сенсорлық эталонды белгілейді, оны баланың есінде бекітеді және ұғынарлықтай әрі дәл қолдануға болатындай мүмкіндік береді. Бірақ бұл эталон атайуары – баланың тиісті тексеру және қолдануда өзіндік іс – әрекет негізінде қабылданғанда ғана болады. Балаларға геометриялық формалардың, түстердің, шамалар қатынасының жеке түрлерін тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға жеткен жағдайларда, тіпті дұрыс қолданылатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.
Мектепке дейінгі жас ішінде балаларды сенсорлық эталондармен таныстыру біртіндеп тереңдей түседі. Біріншіден, балаларды барған сайын эталон қасиеттернің ең нәзігірек жеке түрлерімен таныстырады. Спектр түстерімен танысудан олардың ренктерімен танысуға, негізгі геометриялық фигуралармен танысудан олардың осьтерінің, жақтарының, бұрыш шамаларының ара қатынасына байланысты түрленулерге және тағы да басқа заттардың жалпы шамаларының өзара қатынасымен танысуға көшу осылайша басталады. Екіншіден, балаларды үлгілердің арасындағы байланыстар және қатынастармен атап айтқанда спектрдегі түстердің орналасу ретімен, ашықтығы бойынша реңктер өзгерісінің жүйелілігімен, түс тондарын ұнамдыларға және ұнамсыздарға топтаумен, түстердің көруге жайлысының және баттиған қарама-қарсыларының ұштасуымен; фигураларды дөңгелектерге және түзу сызықтарға бөлумен, бір фигураларды екінші фигураларға түрлендіру мүмкіндігімен, олардың пропорциялық өзгерістері жүйелілігімен, заттардың жалпы шамалары мен жеке ұзындық бағыттарының кемуі немесе өсуі бойынша біріктіру тағы басқаларымен таныстырады.
Қабылдау іс – әрекеттерінің дамуы. Сенсорлық эталондарды меңгеру заттардың қасиеттеріне баланың бағдарлануы дамуының тек бір ғана жағы. Біріншіден тығыз байланысты екінші жағы – қабылдау іс – әрекетін жетілдіру.
Бала мектепке дейінгі шақта сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау іс – әрекетін меңгере отырып өседі. Бірақ бұл іс – әрекеттер әлі тым жетілмеген күйде болады. Бұл әрекеттер бала іс – әрекетінің жаңа түрлерін бағыттап және реттеп алдымен заттардың, шама жағынан қатынастарының, формаларының, түстерінің жеке ерекшеліктерін көз алдына елестету қажет болатын табысты тапсырмаларды орындауға, заттарды күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға, олардың айқын да дәл бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Заттық іс – әрекеттердегі заттардың қасиеттерін есепке алу үшін жеткілікті болатын қабылдаудың сол бір дәлдігі мен даралары табысты іс – әрекеттер үшін мүлде жеткіліксіз болып шығады.
Мектепке дейінгі кішкентайларға жалпы нұсқасы мен ішкі бөлшектері бар күрделі емес фигураға қарап сурет салу ұсынылды. Ол жалпы нұсқасын немесе бөлшектерін жақсылы – жаманды етіп сала алады, бірақ та ол екеуін де, бейнелеуге онша тырыспайды. Үлгі бойынша текшелерді құрастыру процесінде белгілі форма мен өлшемдегі текше жетпей қалады. Егер таяу орында ретсіз үйіліп жатқан текшелерді көре қалса, бала керекті текшені біршама оңай тауып алады, әйтсе де қажетті текше басқа құрастыруда тұрса (балаға оны бұзуға рұқсат етілсе де), бала ол текшені көрмейді, сөйтіп бөлшекті бүтіннен ажырата алмайтын болып шығады. Бұл екі мысалдан заттық іс – әрекетпен байланысты балада қалыптасқан қабылдау әрекеттері тым жалпы үлгілерді жасай білуге келтіргенімен затты жүйелеуге және толықтай тексеруге, оның бөлшектері мен белгілерін бөле білу мүмкіндіктерінің бола бермейтінін көрсетеді.
Мектепке дейінгі бала ішінде қабылдау әрекеттерінің өзгеруі туралы әр түрлі жастағы балалар тобының өздері үшін жаңа заттармен танысуын байқап отырып қорытынды шығаруға болады. Мектепке дейінгі үш жастағы балалардың қолдарына жаңа затты беріп, оның қандай екенін және не қызмет атқара алатындығын анықтауды сұрағанда, олар бірден затпен әрекет жасай бастайды. Олардың затты қарау және ұстап көруге әрекеттенулері байқалмайды: заттың қандай екендігі жөніндегі сұрақтарға балалар жауап бермейді. Төрт жастағы балалар затты қарай бастайды, бірақ мұны тиянақсыз, жүйесіз істейді, көбіне қол әрекетін жасауға көшеді. Заттарды ауызша сипаттағанда бір – бірімен өзара байланыстырмай олар тек жекелеген бөліктер мен белгілерді атайды.
Бес, алты жасар балаларда заттарды неғұрлым жоспарлы да тұрақты тексеру мен сипаттау пайда болады. Қолдарына алған затты олар олай – бұлай аударып төңкеріп қарайды, оның бірсыпыра ерекшеліктеріне назар аударып сипап көреді.
Қабылдау іс-әрекеттерін оқыту да сенсорлық эталондармен таныстыру сияқты балаларды іс-әрекеттің жемісті түрлеріне үйретумен байланысты өткізіледі. Мұндай үйрету іс-әрекеттердің түрлерін байыта түседі. Сонымен бірге заттардың қасиеттері және олады тексеру тәсілдерімен балаларды жүйелі таныстыру үшін арнаулы сабақтар да енгізеді, біртіндеп күрделендіре түсетін дидактикалық ойындар мен жаттығулардың жүйесін пайдаланады.

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ДАМУЫ

2.1 Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын зерттеу

Жаңа ұғымдарды бекіту бөлімінде рефлексия жүргіземін.Бұл арқылы бала сабақтың өзіне қалай ұнағанын, берілген ұғымдарды қалай меңгергенін өз көңіл күйлерін түстер арқылы белгілетемін.Ол үшін балаларға ақ және сары түсті дөңгелекті таратып беремін де, бүгінгі сабақ сендерге ұнаса ақ түсті, ұнамаса сары түсті көрсетіңдер деген кезде балалар өз көңіл-күйлеріне байланысты көрсетеді. Әрине, І кіші топ балаларының рефлексияны бірден қабылдауы қиынға соғады, дегенмен әр сабақ сайын тәрбиеші берілген ұғымдарды жүйелі түрде бекітіп отырса, нәтижесі болатынына көз жеткіздім.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік құжаттары-Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, Қазақстан Респубикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 ж.ж. мемлекеттік бағдарламасы алдыңғы орынға баланың жеке бас қабілеттілігін ерте жастан анықтау міндетін қояды.Сондықтан да қазіргі таңда балаға деген көзқарас пен қарым-қатынас та баланы объект деп қарамай, оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, олармен оқу-тәрбие жұмысының жаңаша түрлерін қолдануды талап етеді.Сондықтан да оқыту үрдісінде балалардың сенсорлық қабілетін дамытуда ойын әдістерін пайдалану бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады.Өйткені баланың таным-түсінігі ойыннан бастау алады да, болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойындағы жетістіктер баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік, эстетикалық бағытының жетілуіне мүмкіндік туғызады.
Оқытудың ойын формасын пайдаланудың тиімділігі:
– Бала тілінің дамуына зор ықпал етеді.Ойын жағдайы оған араласқан әрбір баладан тіл қарым-қатынасы дамуының белгілі бір деңгейін талап етеді.
– Психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады.
– Ойын баланы қызықтыра отырып, білімді берік меңгерту құралы болып табылады.
-Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру құралы.
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады [10, 89 б.].
К.Д. Ушинский Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек, – деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор [5, 15].
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады [10, 91 б.].
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді (Көзілдірікті көзге киеді. Мынау- көбелек, құрт деп аталады. Қарбыз. Мен, анам және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші, тағы осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-әрекеттері байқалмады [13, 14].
В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады, бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады.
Естің ықтиярлы … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz