«Сизодан бірақ шықтым»: Гаухар Әлімбеков абақтыдағы жағдайын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Осыдан біраз уақыт бұрын алаяқтық жасады деп, қамауға алынған Гаухар Әлімбекова «Абақтыда жатқан күндерімді дұшпаныма да тілемеймін», — деді «Өз ойым» ток-шоуына берген сұхбатында. 


«Менің достарым – көрермендерім, өнерге жанашыр адамдар, халқым, елім, жұртым. Бірақ, халық түрмеде де халық екен. 3-3 деп камерамды жаттап алып, жұмысшылар анам сұрап жатыр, әкем сұрап жатыр, жағдайыңыз қалай деп келіп жатты. Төсегіме кешке келіп, рақаттанып ұйықтаймын деп кеткен едім, сизодан бірақ шықтым. Түсім сияқты болды. Қолыма кісен салып алып кеткен кезде ештеңе түсінбей қалдым. Бірақ, өзіме сенімді болған едім», — дейді әнші.

Абақтыда өзіне зиянын тигізбесін деп, аяқ киімнің бауына дейін алып қалатынын айтып таңқалып отыр өнер иесі. Басына түскен қиындықты жақындарына айтпай өзі шешпек болған Гаухар Әлімбекова:

«Жеті күнде күйеуге шығып та кетуге болады. Сол сияқты азғантай уақыт камерада жанымда жатқан қыздар маған бауыр басып қалды. Кетіп бара жатып ақыл айтып қоямын. Көңіл-күйім бар кезде әнімді айтып беремін. 15 минут прогулка кезінде мен шықпаймын. Таза ауаны жақсы көрмеймін.Түрменің таза ауасын кім жақсы көрсін. Гаухар Әлімбекова бар ма деп бәрі сізді сұрап жатыр деп айтады. Сөйтсем, гипсы бар қызды іздейді екен» ,- деп тыңдармандары тарапынан көрсетілген қолдауға алғысын білдірді.


 

stan.kz