«Сізді жақсы көреміз!»: Президентке ықыласын білдірген жастар сынның астында қалды

0

Президентке деген шексіз ықыласын білдіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевты жан-жағынан қаумалаған бір топ жас көпшіліктің ашуын туғызды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

Жағдай «Amanat» партиясының саяси кеңесінде болған. Кеңестен кейінгі бейресми кездесуде бір топ жастың Президентті қаумалап, «Құтты болсын!», «Сізді жақсы көреміз!» деп айғайлағанын естуге болады.

Желі қолданушылары бұған қатысты «Мүмкіндік болса Президенттің аузына кіріп кете ме, қайтеді мына жап-жас жігіттер. Мүмкіндік болмағанда да, қолдарын аузына тығып алар ма екен деп уайымдағаным-ай. Президенттің қолын алмай да, сүйсініп, жақсы көруге болады ғой, немене ол?», «Бүгін әдейі қатыстым. Жаңа Қазақстанда түк өзгермепті. Ең соңында еще волонтерлар айғайлап, қиқулау керек болатын», «Сайлау біткенше президент ұстаған қолдарын жумай жүретін шығар еее, қасқалар» деп пікір білдірді желі қолданушылары.