ТМД басшылары Путинді құттықтауға бара жатыр

0
272

Бүгін Ресей президенті 70 жасқа толды.

Бүгін –  Ресей президенті Владимир Путиннің туған күні. Ол 70 жасқа толды. Осыған байланысты ТМД елдерінің басшылары Санкт-Петербургке Путинді мерейтойымен құттықтауға барады делінуде.

Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.

Ол Санкт-Петербургтің маңындағы Стрельна кентіндегі Константин сарайында ТМД елдерінің бейресми кездесу болатынын хабарлады.

Бұл кент федералды маңызы бар қаланың Петродворцовский ауданында орналасқан.

Осы жерде мемлекет басшылары 13-14 қазан күндері Астанада Қазақстанның төрағалығымен өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті,  ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі мен «Орталық Азия – Ресей» саммитінде қаралатын мәселелерді талқылайды, –  деді Песков.

Путин 2002 жылы 50 жылдық мерейтойын Молдованың астанасы Кишинев қаласында өткен ТМД басшыларының саммитінде өткізген болатын.