Сіз бен тамаша өмір арасындағы 10 кедергі

0

Біз бақытты болуды армандаймыз, үлкен жетістіктерге жеткіміз келеді, мұңсыз, қамсыз өмір сүргіміз келеді. Алайда сол бағытта әрекет етудің орнына үйреншікті әдеттерімізден бас тарта алмай, өмірдің әділетсіздігін айтып, шағымдануды жалғастыра береміз. Жарқын болашаққа қадамды дәл бүгін бастаңыз! Сәл күш салсаңыз, бәрі оңай екеніне көз жеткізесіз. 

1. Бітпеген істер 

Бітпеген істерді анықтап, оларды ретке келтіріп, өткен шақтан босаңыз. Бастаған істеріңіздің бәрін соңына дейін апарыңыз: жоба, диета, ұрыс, мойныңызға алған міндеттер – орындаңыз, басқа біреуге тапсырыңыз, не болмаса, түбегейлі бас тартыңыз. 

2. Осы шақты елемеу 

Бүгін – бұл бұған дейін болған «бүгіндердің» нәтижесі. Осы шақты өнімді болуы жарқын болашақты қамтамасыз етеді. Бүгін бір доллар үнемдесеңіз, ертең көбірек ақшаңыз болады. Бүгін 500 калория азырақ жесеңіз, ертең салмағыңыз түседі. Бүгін жасаған ісіңіз ғана болашағыңызға әсер етеді. 

3. Басымдықтың болмауы 

Қалаған ісіңізбен қалаған кезде айналыспаңыз. Егер сіз назарыңызға түскен затқа орай әрекет ете берсеңіз, шынымен маңызды істерге уақыт таппай қаласыз. Уақытыңызды қалауларыңызға сай бөлмеңіз. Қалауларыңызды уақытыңызға сай бөліңіз. 

4. Өз-өзіңді алдау 

Өз-өзіңді алдау – бұл өзіңді сыйламаудың бір түрі. Өз-өзіңізді алдаған кездеріңізді еске түсіріңіз және оларды қалай түзеуге болатынын ойлаңыз. «Көп тамақ жеуден ештеңе болмайды деуді қоямын», «Артық ақша шығындағаннан ештеңе болмайды деуді қоямын» және т.б. 

5. Адамдарға жағымпаздану 

Егер «жоқ» дегіңіз келіп тұрса да, әрдайым «иә» десеңіз, өтініш жасаған кез келген адам үшін уақытыңыз бен қуатыңызды басқара алмай, бақытсыз боласыз. Өз шекараңызды қорғауды үйреніп, артық өтініштерден босатыңыз. 

6. Қуатты жоғалту 

Күнделікті күйзелістер мен мәселелер қуатыңыздың таусылуына әкелмеуі керек. Өміріңіз өз кестеңіз бойынша сүрілсін. Саналы таңдау жасаңыз: өзіңізге ұнайтындай етіп тапсырмаларды жайдақтатып, айналаңыздағы адамдар мен өз өміріңізді ретке келтіріңіз. 

7. Сұрақтардың орнына шағымдар 

Қанша сұрасаңыз, сонша аласыз. Шағым айту – бұл белсенді емес, сылбыр ұстаным. Адамдарға шағымданбай, нені қалайтыныңызды нақты айтуды үйреніңіз. 

8. Жеткіліксіз қор 

Қолдаушы қорыңыз болмаса, сіз жеткіліксіз ақша, уақыт, қуатқа негізделіп шешім қабылдайсыз. Және бұл сізді қателікке және қолайлы мүмкіндіктерді жоғалтып алуға ұрындырады. Уақыт пен ақшаның жеткілікті қорын жинап алмайынша өміріңіздегі артық заттардан жүйелі түрде арылыңыз. Сөйтіп бәрін қайта бастаңыз. 

9. Кемшіліктерді жасыру 

Кемшіліктеріңіз сіздің шынайы болуыңызға көмектессін. Адамдарға ескертіп қойыңыз: «Мен шыдамсызбын, өтінемін, егер бірдеңе түсінбей жатсаңыз, маған айтыңыз», «Мен құпия сақтай алмаймын, өтінемін, басқалардан жасырғыңыз келетін құпияларды маған айтпаңыз». 

10. Жоспарлаудың орнына қалау 

Бастаңыз! Әрекет етіңіз! Егер бірдеңе болуын жай ғана «қалап» отыра берсеңіз, ол күн тумауы да мүмкін. Жоспар құрып, соған байланысты әрекет етіңіз.