Халықаралық жол құрылысы көрмесі | «Айқын» газеті

0

Астанадағы «Көрме» орталығында XV мерейтойлық «Kazavtodor – Kaztraffic – 2018» халықаралық көрмесі өтті. Көрмеде жол құрылысы, жөндеу, жолдарды күтіп ұстау саласындағы соңғы жетістіктер таныстырылды.


Көрмені Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр ашты. Ол еліміздің жол желісін дамыту және жетілдіру Инвестиция және даму министрлігі шешетін басым мемлекеттік міндеттердің бірі екенін атап өтті. Автомобиль жолдарының қазіргі заманғы желісін құру және тиімді пайдалану, жол кешенінің инфрақұрылымы – мемлекеттік экономиканың серпінді дамуының нақты жолы.
Іс-шараларды Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР ИДМ және «ҚазжолҒЗИ» АҚ ресми қолдауымен VS Expo Com көрме компаниясы өткізді.
Көрмеде Қазақстан, Белоруссия, Украина, Ресей, АҚШ, Германия, Түркия, Қытай және басқа да елдердің жүзден астам жетекші компанияларының заманауи ғылыми-техникалық әзірлемелерін және өнімдерін ұсынды.


XV халықаралық «Kazavtodor – Kaztraffic – 2018» көрмесі аясында «ҚазжолҒЗИ» АҚ «Аймақтық жол инфрақұрылымын дамыту жолдарын шешу» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Конференцияда АҚШ, Франция, Түркия, Ресей, Қазақстан елдерінің танымал компанияларының өкілдері қатысқан инновациялар мен жолдарды дамыту тақырыбына қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.
Халықаралық «Kazavtodor – Kaztraffic – 2018» көрмесінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ көрсетілім алаңы ең тартымды, халық көп жиналған, екіжақты келісімдердің қайнаған ортасына айналды.

Гүлнар ТӘЖИЕВА