Сирияға бара жатырмын, баруыңа гарантия: Ақтау тұрғынының видеосы жарияланды
Маңғыстау облысының ПД экстремизмге қарсы басқармасы әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «Сырия Кетемін» атты бейнероликті анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында кім екені анықталып, 44 жастағы ер адам қамауға алынды. Ол өзінің дінге еш қатысы жоқ екенін мойындап, видеоны мас күйінде түсірген.
Факт бойынша әкімшілік хаттама жасалды.