Сириядан оралған қазақстандық әйел: Бомбалау кезінде жертөледе жасырындық — Ел жаңалықтары
Қазақстан билігі теңдесі жоқ рперация өткізіп, Сириядан өз азаматтрын қайтарды. Арнайы операцияға «Жусан» атауы берілді. Бұл атаудың өіндік себебі бар, өйткені жусан елге деген сағыныштың символына айналған.
Қазіргі уақытта Сириядан қайтарылған әйелдер мен балалар Ақтаудағы карантин лагерінде жатыр. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық әйелдердің бірімен сұхбаттасып, Сирияда қалай өмір сүргені туралы сұрап білді.
Сириядан қайтарылған қазақстандық әйел © Tengrinews.kz
Камилланың айтуынша, ол Сирияда бір жылдай уақыт болған. Оның екі баласы бар. Кішкентайы Сирияның Идлиб қаласында дүниеге келген. Камилланың жолдасы Қазақстанға сол ұшақпен бірге келген. Сириядан қайтарылған барлық ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Камилла балаларымен бірге лагерьде жатқанына бірнеше күн боғлан. Мұнда қалып келу үшін барлық жағдайлар жасалған: олармен психолог және теологтар жұмыс істеп жатыр, балалар білім алып жатыр, ал кішкентайлары үшін балабақша да бар. Олар ыстық тамақ пен жылы киіммен және қажетті заттармен қамтылған. Кейінірек, олар өз қалаларына қайтуы мүмкін.
Журналистер:Мұнда туыстарыңыз күтіп жатыр ма?
Камилла: Күтіп жүр. Мен олармен әрдайым байланыста болдым.
Ж: Сізді алып шығу қалай болды?
К: Мен жолдасыммен бардым. Жолдасыммен қайттым.
Ж: Ол бас бостандығынан айырыла ма?
К: Иә. Бірақ қанша жылға екенін білмеймін. Өз еркімен берілгені үшін жеңілдік қарастырылатынына уәде берілді.
Ж: Сирияның қандай қалаларында тұрдыңыздар және қандай жағдайларды бастан өткердіңіздер?
К: Біз Сирияға тек жақында кірдік. Ұзақ уақыт бойы Түркияда болдық, сосын Идлибте. Біз онда барғанымызға бір жыл болды.
Ж: Не үшін онда бардыңыздар?
К: Хижра бар. Біз хижра жасадық. Осыны нағыз ислам мемлекеті деп ойладық. Онда барған соң, бірнеше айдың ішінде оның мүлде басқа екенін түсіндік. Алайда ол уақытта кеш болды.
Шетелдіктердің басынан кез келген оқиға болуы мүмкін. Мотоциклдерді өртеп кететін, әйелдердің үйде жалғыз қалуы қауіпті болатын. Үйге емін-еркін кіріп, ең аз дегенде қорқытып, бағалы заттарды алып, ақшаны тартып алатын. Мұны сириялықтар жасайтын, жергілікті тұрғындар.
Онда адамдар жоғалып жатады. Көптеген ер адамдарды алып кетті, кейбіреулерін өзеннен не басқа жерлерден тауып жататын. Соңғы жылдар быт-шыты шықты. Ештеңені түсіне алмайсың. Біз сол кезде артқа жол іздей бастадық.
Ж: Сіз тұрған жерде бомбалау болды ма? Қорықтыңыз ба?
К: Қорқынышты болды. Бірақ менің жаныма бомба түскен емес. Күн сайын бомбалау болып жатады. Жоспар бойынша жасайтын сияқты. Біз барған уақытта, Ракка қоршауға алынған болатын. Біз Майдин қаласына бардық. Кейін Майдин қаласын Сирия әскері қайтарып алды. Қаланы үш күн бойы бомбалады. Күніне 93-110 бомба түскенін санайтынбыз. Соңғы үш күніміз жертөледе өтті. Ұйықтамадық, тамақ та ішпедік.
Сосын біз ол жақтан кеттік. Бомбалап болған соң тынышталатын шығар, сосын қайтып келеміз деп ойладық. Қаланы басып алды, Сирия әскері қалаға кірді.
Ж: С кем воюет сирийская армия? И на чьей стороне были вы? Сирия әскері кіммен соғысып жатыр? Сіздер қай тараптың өкілі болдыңыздар?
К: Әскер ИГИЛ (ДАИШ — террорлық ұйым, Қазақстанда рұқсат етілмеген — автор түсіндірмесі) соғысып жатыр. Біз ешқандай тараптың өкілі болмадық. Біз сонда барғанымызда, үш айдан соң ненің не екенін білдік. Онда шетелдіктерге қызмет көрсететін кеңселер бар. Біз осындай кеңселерде ірі ақшалар айналымы болатынын көрдік.
Ж: Сіздің жолдасыңыз немен айналысты? Ол соғысты ма?
К: Жоқ. Ол соғысқан жоқ. Ол үш рет шекарада болды, шекараны күзетті бар болғаны сол. Бір жыл бойы біз қайтар жолды іздедік.
Ж: Сирияда соғысуға мәжбүрлейді деп айтып жатады. Сіздің жолдасыңызды соғысуға мәжбүрлеген жоқ па?
К: Заставляют. Таких иностранцев заставляют воевать. Сирийцев — нет. Мәжбүрлейді. Сондай шетелдіктерді соғысуға мәжбүрлейді. Сириялықтарды емес.
Ж: Кім соғысуға мәжбүрлейді?
К: Арабтар. Жоғарғы қызметте отырған арабтар. ИГИЛ жағында соғысуға мәжбүрлейді. Егер соғыспасаң түрмеге жабады. Онда соғысу керек немесе шекараны күзету керек.
Ж: Кімнен қорғау керек?
К: Күрттерден, Сирия әскерінен және әр түрлі топтардан…
Ж: Сіз өзіңіз бардыңыз ба әлде сізді үгіттеді ме?
К: Біз өзіміз бардық, ол кезде барлығы барып жатты. Эмоция ойнап кетті… Егер сол видеоларды көрген болсаңыз, ондағы өмір керемет деп көрсетілген еді… Менің жолдасым барған кезде видеодағының барлығы қайда деп сұрады. Себебі оның ешқайсысы шындыққа жанаспайтын.
ҰҚК видеосынан үзінді
Ж: Сирияда басқа да қазақстандықтармен араластыңыздар ма, өлім жазасына кесілген қазақстандықтар туралы не білесіз?
К: Я знала их, да. Не так хорошо, но я их знала. Мен білетінмін, етене араласпасақ та мен оларды білетінмін.
Ж: Оларға не болды?
К: Біз ол кезде күрттердің лагерінде болдық. Біз бұл туралы лагерьде отырып естідік. Кімді кім және не үшін өлтіргені түсініксіз. Ақша үшін деп айтылады. Мен бірақ нақты білмеймін. Сол кезде барлығы қайтар жол іздеп жүрді, барлығына ақша керек болды, бәлкім содан шығар.
Ж: Олар не үшін барды? Сіз қалайда олармен араластыңыз ғой.
К: Бұрындары онда қазақ жамағаты боғлан. Мен барғанда қазақ жамағаты тарап кеткен. Тек орыстілді және араб жамағаты болды. Мен орыстілді жамағаттың қатарында болдым. Онда дагестандық және шешендер болды. Бір рет мен өз қаламның қазақтарымен кездестім. Олармен тек бір рет кездестім, сонымен болды.
Ж: Ондағы өмір қандай, қалай өмір сүрдіңіздер?
К: Қарапайым пәтер, қарапайым үй. Қарапайым өмір: таңнан кешке дейін тамақ жасау, үй жинау. Тек — юомбалау бар. Тамағы да басқа, қазақтікіндей емес.
Ж: Тамақ жағы қалай, онымен қиындықтар туған жоқ па?
К: Бастапқы кезде барлығы болды. Қоршауға алынған кезде, тамақ жоғалды. Сосын қайта пайда болды. Менің білуімше қазір онда мүлде тамақ жоқ.
Әйелдер мен балалар Ақтаудағы карантин орталығында © Tengrinews.kz
Ж: Қазақстандықтардың елге қайтуы шараларымен айналысқан қызметкерлерге қалай шықтыңыздар?
К: Лагерьде қазақтардың тізімін жасадық. Менің ата-анамда іздестіріп жатты. Жолдасымның да ата-анасы іздестірді. Осылайша бізді алып кетті.
Ж: Дін ұстанып орамал таққанға дейін немен айналыстыңыз? Бұрын кім едіңіз? Жолдасыңыз кім еді?
К: Менің жоғарғы білімім бар, мен қаржыгермін. Жолдасым қателеспесем экономист. Түрмысқа шыққанға дейін 16-17 жасымда колледжде оқып жүргенімде орамал тақтым. Жолдасым жұмыс істейтін, мен тұрмысқа шықтым. Жұмыс істемедім.
Ж: Онда соғыс жүріп жатты, қорқынышты болмады ма?
К: Барғым келмеген, менде таңдау болды. Қайтып үйге оралу, немесе… Қызым мен олдасым қатты жақын еді. Олардың айырылысқанын қаламадым. Барған соң не болатынын көрерміз деп ойладым. Менің онда баруым қателік болды. Бұл соғыс алаңы әйелдердің жүретін жері емес. Ойлану керек, барлығын сараптау керек. Көбісі эмоцияға беріліп барды. Көбісі қайтыс болды. Онда адамдар жиі өледі. Онда соғыс алаңы. БАҚ-тан қазақ қыздарын өлтіріп жатыр дегенді естігенде қорқа бастадым. Быт-шыты шығып, барлығын өлтіре бастаса не болмақ.
ҰҚК видеосынан үзінді
Ж: Онда қазақстандық әйелдерді өлтірді дейсіз бе?
К: Біз лагерде болдық. Нақты мән-жайды білмеймін.
Ж: Осы туралы не білесіз?
К: БАҚ-тан ақша үшін өлтіріп жатқанын оқыдым. Осыдан қатты қорықтым. Әйелдерді өлтіруі мүмкін, ерлерге қарағанда.
Сегіз ай бойы күрттердің лагерінде болдым. Күрттер ИГИЛ-ға қарсы соғысып жатыр. Лагердегі жағдай мәз емес еді. Өмір үшін арпалыс. Жолдасымды ерлерге арналған түрмеге жапты. Жолдасым туралы ештеңе білмедім. Мен оны қазақстандық ұшаққа отырғызып жатқан уақытта бірнеше айдан соң бірінші рет көрдім.
3,5 жыл бойы елде болмадым. Ата-анамды сағындым. Барлығы жақсы болады деп ойлаймын.
47 қазақстандық Сириядан қайтарылды: Назарбаев үндеу жасады
Материал ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің қолғабыс етуінің арқасында дайындалды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz