Сириядан елге оралған жесір әйел: Соғыс ойыншығы атанғанымызды кеш түсінгеніміз өкінішті — Қазақстан жаңалықтары
Жақсы өмірді армандап Сирияға аттанған әйелдер соғыс ортасына түсіп, жақындарынан айырылды. Баласынан, екі күйеуінен бірдей айырылған әйелдер оқиғаларымен бөлісіп, қандай жағдайларға тап болғанын айтып берді. Бұл туралы «Еуразия Бірінші»арнасына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түркістан облысының тұрғыны Айгүлдің күйеуі Қазығұрт ауданында мұғалім болып жұмыс істеген. 2015 жылы Сирияға көшпей тұрып, ол сол елде жағдай жақсаратынына уәде берген. Бірақ бомбаның астына түсіп, уәдесінде тұра алмай көз жұмған. Ал Айгүлдің үлкен баласын біреулер атып өлтірген. Жауынгерлер қазақстандық әйелге екі жақын адамының қалай өлгенін видео арқылы көрсеткен. Айгүл болған жайтты әлі ұмыта алар емес. Биыл әйел төрт баласымен үйіне оралды.
Қазақстанға оралған Ақжарқын есімді әйел мен оның күйеуі Сириядағы мұсылман бауырларға көмектесуді көздеген.
«Алайда мен сол жерде жауынгерлердің бізге өтірік айтқанын түсіндім. Таңғалдым», — дейді ол.
Туған еліне қайтып келген Дүйсенкүл де соғыс кезінде екі күйеуінен айырылған. Ол Сирияда алты жыл өмір сүрген.
«Снайпер менің екінші күйеуімнің аяқтарына оқ жаудырды. Сосын бауырын атты. Күйеуім оны құтқарғысы келгендерге: «Жақындамаңдар! Өліп кетесіңдер», — деп айқайлаған, — дейді отандасымыз.
Ер адам жақын маңдағы мекемеге жорғалап барып, сол жерде жан тапсырған. Әйел үздіксіз жарылыстардан саңырау болып қала жаздаған. Адамдар тығылатын жер таппай қиналған. Балалар қираған үйінділерде жасырынған.
«Соғыс ойыншығы атанғанымызды кеш түсінгеніміз өкінішті. Мен ол жаққа енді қайтып бармаймын», — дейді Дүйсенкүл.
Түркістан облысындағы дін жөніндегі басқарманың жетекшісі Марат Мұстафаевтың айтуы бойынша, радикалдардың діни негізінің барлығы ақырғы шек. Оның сөзінше, егер адам оқымаса, радикалдар оларды Жаратқанға сенбейді деп мүлкін тартып алады. Мұстафаевтың сөзінше, бұл такфирлік деструктивті идеалогия.
«Сириядағы қазақстандықтар сондай кітаптарды оқып, үйренген. Сондықтан оларға шатасып кеткенін түсіндіру үшін біраз уақыт керек», — дейді ол.
«Жусан» спецоперациясының көмегімен елге Сириядан 524 қазақстандық, оның ішінде 357 бала оралғанын айтып өткеніміз жөн.
stan.kz