Ресей жұлдызы әнші Бүркітке қатысты күтпеген мәлімдеме жасады – видео

0

Әртістер бейнебаянға бірге түсті, дегенмен композицияның атауын әзірге құпия ұстап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. Ресей эстрада жұлдызы Наташа Королева қазақстандық әнші Бүркітпен бейнебаянға түсу үшін Алматыға ұшып келді. Дегенмен композицияның қалай аталатыны жария етілмеді.    

Наташа Королева «тыңдармандарды тосынсый күтіп тұр» деп елді қызықтырып қойды.  

«Бұл менің қолымнан келетінін өзім де білген жоқпын», — деп мәлімдеді Королева ерекше бейнебаянды меңзеп.   

Бүркіттің жары Аиша да бейнебаянды түсіру процесінен эпизод жариялады.

Видеода Наташа Королева қазақ әшекейлерімен безендірілген әдемі көйлекпен тұр. Тыңдармандарды әншінің бірнеше жолды қазақ тілінде айтып шыққаны тағалдырды.

Тағы оқыңыз: Бес баланың анасы, әнші Динара Сұлтан тұрмысқа шықты — фото 

Артынша Бүркіт Наташа Королеваны үйінде қонақ қылғаны жайлы видеоны көптің назарына ұсынды.  

 

«Мол дастарқан! Қандай дәмді тағам! Қонақжайлылықтарыңыз үшін мың алғыс. Біз кеткіміз келмейді, осында қаламыз!», — деп мәлімдеді поп-жұлдыз.  



sputniknews.kz