Сириядан 171 қазақстандық бала елге жеткізілді

0
47

28-31 мамырда Сириядан Қазақстанға 171 бала жеткізілді. Бұл туралы 31 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Балалар Қазақстан билігінің «Жусан» операциясының аясында эвакуацияланған. Ақорданың баспасөз қызметі бұл операциясының аяқталғанын хабарлады.

Бұған дейін 9 қаңтарда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев «Жусан-1» арнайы операциясы нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы Сириядан оралғанын мәлімдеген. 7 және 9 мамыр күндері «Жусан-2» операциясы аясында Сириядан Қазақстанның 231 азаматы елге жеткізілген. Олардың 159-ы – бала.

Қазақстан билігінің дерегінше, Сириядан барлығы 357 қазақстандық бала елге жеткізілген.

2018 жылы шілде айында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Азаттыққа Сирия мен Иракта соғыс басталғалы Таяу Шығысқа 800-ге тарта қазақстандық кеткенін хабарлаған. Комитет Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдарда Қазақстаннан кеткен 120 ер адам, 250-ден астам әйел және 500 бала барын айтқан.

Осыған дейін Азаттықта жарияланған мақалаларда баласы Сирияда қаза болғанын, сонда қалған келіні мен немерелерін Қазақстанға қалай қайтаруды білмей жүргенін айтып бірнеше ата-ана шағымданған.

Azattyq