Синтетикалық есірткінің трансұлттық арнасы жойылды

0

Қазақстанның бірнеше қаласында арнайы операция өтті. Соның нәтижесінде синтетикалық есірткінің трансұлттық арнасы жойылды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Арнайы операция кезінде төрт бірдей аймақта — Алматы, Ақтөбе, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында есірткі сатушылар қолға түсті. Оларды анықтау үшін жарты жыл уақыт кетті.

«Бесеуі де Қазақстан азаматтары. Олар алдымен шетелден синтетикалық есірткі ерітіндісі бар сәлемдемелерді алып отырған. Одан кейін сұйықтықты бу арқылы кептіріп, құрғақ өнім шығарды. Осылайша, синтетикалық есірткілерді аса ірі мөлшерде сату үшін бөліп дайындаған», — дейді полицейлер.

Қазіргі кезде ішкі істер органдары синтетикалық есірткі арналарын анықтау мақсатында шекаралас мемлекеттермен тығыз жұмыс жасап келеді.

Соның нәтижесінде биыл үш айдың ішінде 9 адам ұсталды. Заңсыз айналымнан сегіз келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

(фото: stan.kz)